19.03.2021, 19:10 20550

Душанбеде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Тәжікстан комиссиясының XVI отырысы өтті

Сапар аясында Роман Скляр Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен кездесті, онда сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды.
ДУШАНБЕ. 19 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының XVI отырысына қатысу үшін қазақстандық делегацияны басқарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Отырысқа министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ екі тараптың тиісті ұйымдарының шақырылған өкілдері қатысты, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
 
Сапар аясында Роман Скляр Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен кездесті, онда сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. 
 
Роман Скляр мен Комиссияның тең төрағасы – Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саидтың кездесуінде екі елдің ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, энергетика және су ресурстары, көлік және азаматтық авиация саласындағы өзара іс-қимыл тақырыптары көрініс тапты. 
 
Сондай-ақ 2019 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтанда өткен комиссияның XV отырысының шешімдерін іске асыру барысы қаралды. 
 
Комиссия отырысында Қазақстан – Тәжікстан өзара іс-қимылының негізгі бағыттары бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сөз сөйледі. 
 
Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірлескен күш-жігердің нәтижелілігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру туралы хаттамаға қол қойылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны