01.06.2021, 20:39 12001

Еңбек министрлігі несиелік рақымшылықты ұзарту туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бүгінгі күні берешекті есептен шығару бойынша барлық жұмыстар аяқталды және оларды қайта бастау болжанып отырған жоқ.
НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін таратылған несиелік рақымшылықты ұзарту туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствода мәлімдегендей, БАҚ жарияланған ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дұрыс түсінбеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" Жарлығын орындау үшін "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға арналған қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысы қабылданғаны белгілі. Қаулымен есептен шығару мерзімі 2019 жылғы 13 желтоқсаннан кешіктірілмей белгіленген.
 

ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде есептен шығару 2019 жылдың қыркүйегінде 507,4 мың азаматқа жалпы сомасы 105,2 млрд теңгеге, екінші кезеңде 2019 жылғы желтоқсанда 46,9 мың азаматқа жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге жүзеге асырылды. Жарлыққа қатысы бар адамдарды толық қамту мақсатында Министрлік 2020 жылдың сәуір айында жалпы сомасы 5,5 млрд.теңгеге 23,4 мың азаматты үшінші кезеңде есептен шығаруды жүзеге асырды", - деп хабарлады Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
Осыған байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың І тоқсанында нақты жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, есептен шығару мерзімін түзетуді көздейтін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға арналған қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
 

Бүгінгі күні берешекті есептен шығару бойынша барлық жұмыстар аяқталды және оларды қайта бастау болжанып отырған жоқ", - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны