17.02.2022, 18:21 31156

ЕАЭО-да электр энергиясының ортақ нарығы құрылады - Парламент хаттаманы мақұлдады

ЕАЭО-да электр энергиясының ортақ нарығы құрылады - Парламент хаттаманы мақұлдады
НҰР-СҰЛТАН. 17 АҚПАН - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа ЕАЭО елдерінің электр энергиясы нарықтарын интеграциялау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Хаттаманың мақсаты - электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, Арменияның, Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау жолымен ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын құру.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ішкі тұтынушыларын электр энергиясымен басым қамтамасыз етуді ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны