06.12.2022, 16:08 16066

Екібастұздағы төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлерге шығын өтеледі

Екібастұздағы төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлерге шығын өтеледі
Сурет: Depositphotos
Өтемақы алуға құжаттар тапсыру алгоритмі әзірленді

Екібастұз. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Павлодар облысының Екібастұз қаласында төтенше жағдайдан зардап шеккен бизнес субъектілері пайдалана алатын арнайы алгоритм әзірледі, деп хабарлайды палата сайты.
 

Біз кәсіпкерлерге бүлінген мүлікке өтемақы алуға құжаттар тапсыру алгоритмін әзірледік", - деді Павлодар облысы ӨКП директорының орынбасары Серік Әубәкіров.

 
Бизнес өкілдерінің әрекет ету алгоритмі:
 
  1. Жедел желінің 280928, 282028 нөмірлері және 1432 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарлау, сонымен қатар "Қайнар" білім беру және бос уақытты қамту кешеніне 339187, 338921, 338944 және тұрғын инспекциясына87002997806қоңырау шалу.
  2. Бүлінген мүлікті видеоға түсіріп алу (түсірілім кезінде нысанның мекенжайы, күні, уақыты, куәгерлерді атап өту);
  3. жарамсыз тауар, материалдар, жабдық және басқа да заттарды растайтын құжаттарды қоса беру;
  4. Барлық тауарды фото, видеоға түсіру;
  5. Комиссия құрамында қарапайым жазбаша формада залал тізімі бар қағазға қосымша акт жасау; құрамға кемінде 3 мүшені (егер бизнес субъекті көппәтерлі үйде болса, онда ПИК немесе МИБ төрағасы, үй бойынша жауапты, слесарь және т. б. қатысуымен жүргіуз) қосу маңызды;
  6. Құжаттарды әкімдік бұрын көрсеткен жылыту пунктері мекенжайлары бойынша тапсыру; бұл ретте құжаттардың қабылданғаны туралы белгі жасалатын екінші данасы болуы керек; комиссия мүшелерінің аты-жөні, байланыс деректерін көрсету міндетті.
 
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына техногендік апаттан зардап шеккен бизнес субъектілері мынадай мәселеде көмек көрсетуді сұрайды:
 
  • шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеу бойынша кейінге қалдыру;
  • жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мүлік салығын төлеуден босату;
  • өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және басқа да мәселелер.
 
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы мүлкі бүлінген бизнеске осы көмек шараларын қолдану қаланың кәсіпкерлік саласына осы қиын кезеңнен жеңіл өтуге көмектеседі деп санайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз ЖЭО-дағы апат қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. Апаттан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке проблемалы энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды.
 
Энергетика министрі Болат Ақшолақов ЖЭО-дағы апатты уақтылы қаржыландыру арқылы болдырмауға болатынын айтты.
 
Павлодар облысының прокуратурасыТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның тергеуін арнайы комиссия жүргізді. Екібастұздағы апаттыңсалдары әлі де жойылуда. Қалаға жөндеу жұмыстарына қосымша бригадалар келді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны