24.06.2024, 20:59 26701

Елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы төртінші апта қатарынан төмендеп келеді

Елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы төртінші апта қатарынан төмендеп келеді
Елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы төртінші апта қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Бір аптадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының жағдайы сенбі, 22 маусымда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды.

10 тауар тобына бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда: қарақұмық жармасы - 0,9%, күнбағыс майы - 0,5%, қырыққабат - 0,4%, сиыр еті, тұз және қант - 0,3%, күріш - 0,2%, макарон, сүзбе және ұн - 0,1%. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, баға 8 облыста төмендеген, оның ішінде Ұлытау (0,8%), Ақтөбе (0,6%) және Атырау (0,5%) облыстарында айтарлықтай арзандады. Жалпы, бір апта ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексінің төмендеуі - 0,1%. Бұл көрсеткіш төртінші апта қатарынан тіркеліп отыр. Бір айда динамика 0,3% құрады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлерде ерте өнім жинау келісімшартының барысын айтты. Үш мегаполис - Астана, Алматы, Шымкент - маусымаралық кезеңде көкөністерді тұрақты бағамен жеткізу үшін елдің жеті өңірінен ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тікелей келісімшарттар жасай бастады.

Астана қазірдің өзінде 15 мың тонна көкөніске: картоп, пияз, қырыққабат, сәбізге форвардтық келісімшарттар жасасты. Шымкент - 7,5 мың тоннаға, Алматы - 16 мың тоннаға. Жеткізу маусым-шілде, қыркүйек-сәуір аралығына жоспарланған. Сондай-ақ күзгі өнімді жеткізуге қосымша форвардтық шарттар жасалатын болады", - деп мәлімет берді вице-министр.


Сондай-ақ Ербол Тасжүреков өңірлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген қаржыландыру мерзімі мен шарттарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландырудың 70% бағыты бойынша талаптарды сақтау қажеттігін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны