28.12.2021, 20:45 35976
Энергетика министрлігі 2022 жылы жанар-жағармайдың болжамды бағасына түсініктеме берді
Достарға айту
Әлеуметтік желілерде АИ-92 маркалы бензиннің болжамды бағасы 240 теңге, дизель бағасы 400 теңге болатыны көрсетілген жанармай құю станциялары желісінің құжаты тарап жатыр. Бұл болжам қаншалықты рас? 2022 жылы баға қандай болады" - деп сұрады журналист.
Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ақпараттық бюллетеньді әлеуметтік желіден көріп, компанияға хабарласқанын айтты.
Бұл хат екі айдан бері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Компания өз тұтынушылары үшін осындай болжамдар жасап, коммерциялық ұсыныс жасағанын айтты. Яғни, бұл шаруашылық субъектілері мен нарықты бағалау арасындағы қарым-қатынас. Менің ойымша, дизель 400 теңгеден болмайды. Негізінде, қазір бағаның біршама төмендегенін көріп отырмыз", - деді Мағауов.
Ол нақты баға мұнай бағасына байланысты болатынын және болжау қиын екенін түсіндірді.
Біз ішкі нарықтағы бағаларға әсер ететін белгілі бір корреляцияны көріп отырмыз. Себебі дизель отынын импорттауды жалғастырамыз. Бірақ қазан-қарашадағыдай ірі көлемде емес. Қазір импорт көлемі төмендеді, бірақ жалпы бағалармен корреляция бар", - деді ол.
Бензин бағасы бойынша, вице-министр нақты жауап берген жоқ.
Қазақстан қазір бензинге қатысты өзін қамтамасыз етеді. Дизель бойынша биыл айтарлықтай импорт өтті. Бензин бойынша, ішкі қажеттіліктерімізді жабамыз, кейін бәрі бензин тұтыну қаншалықты өсетініне байланысты болады. Біз бензин бойынша биржалық сауда жүргіземіз, бұл - нарықтық индикатор. Күрт өсу үрдісін көріп отырған жоқпыз", - деді Мағауов.
Бірақ ол Қазақстанда 2022 жылы АИ-92-нің литрі 240 теңгеге жетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап бермеді.
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.01.2025, 16:51 56
Желтоқсан айында теңге бағамы 2,5% - ға әлсіреді - ҚР Ұлттық Банкі
Достарға айту
Желтоқсан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 525,10 теңгеге дейін 2,5%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 262 млн-нан 254 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,3 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметіне.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін желтоқсанда 900 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне шамамен 43 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді.
Республикалық бюджетке трансферт бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 750 млн АҚШ долларынан 850 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.
БЖЗҚ-да валюталық активтер үлесі 2024 жылдың соңында 40%-дан сәл жоғары болды. Ұлттық Банк желтоқсанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. 2025 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-қа валюта сатып алу жоспарланбады.
Ішкі валюта нарығында шектеулі ұсыныс кезінде экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына жоғары сұраныс сақталды.
Тұрақсыздық тудыратын ауытқулардың алдын алып, теңге бағамының шамадан тыс құбылмалылығын реттеу мақсатында және белгілі бір кезеңдерде шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенция жүргізді. Айдың қорытындысы бойынша валюта сату көлемі 307,6 млн АҚШ долларын құрады.
Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы толық ақпаратты ашып көрсетуді жалғастырады. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2024, 15:07 26301
Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 1,5 млрд теңге бөлінді
Достарға айту
Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат Қазақстан Үкіметінің резервінен Ұлытау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аудару үшін 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді көздейді. Қаржыландыру "Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту" жобасының 2-ші кезегін іске асыруға бағытталады.
Ұлытау облысындағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 шақырымды құрайды. Сонымен қатар бүгінде тозу деңгейі - 58%. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілді.
Жезқазғанда желілердің тозуы 60%-ға жуықтайды. 89 мың тұрғыны бар қаланы жылумен жабдықтауды ЖЭО қамтамасыз етеді. Қалалық жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымды құрайды.
Жезқазған қаласын жылумен қамту жағдайын жақсарту үшін облыс әкімдігі жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына түзетулер енгізді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 5 іске қосу кешенінің 5-ші кезеңін аяқтау үшін 1,5 млрд теңге қажет.
Үкімет резервінен бөлінген бұл қаражат 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2024, 12:57 26936
Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі
Достарға айту
2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 %-ға, ынтымақты зейнетақыны - 8,5 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары - 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылады, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.
Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі - 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы - 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы - 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы - 120 737 теңгені құрайды. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:
- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы - 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғаятын болады;
- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін - 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін ұлғаяды;
- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ - 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ - 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін ұлғайтылады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 6,5 %-ға артады. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Төлемдердің мөлшері жеке санаттарға және келесілерге байланысты болады: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 12:00 37946
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді
Достарға айту
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ел экономикасы мен халқын энергетикалық қауіпсіздікпен, сенімді энергия жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында 2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді.
Ағымдағы жылы қуаттылығы 500 МВт Екібастұз МАЭС-1 №1 энергоблок пайдалануға берілді, қуаттылығы 65 МВт Атырау ЖЭО № 6 турбоагрегатын және қуаттылығы 43 МВт Жезқазған ЖЭО № 8 қазандық агрегатын ауыстыру жүзеге асырылды, сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 163,35 МВт ЖЭК жобалары сәтті енгізілді.
Жоғарыда аталған станцияларды жаңғырту белгіленген электр қуатын арттыруға және парктік ресурсын жаңартуға бағытталған.
Өз кезегінде жаңартылатын энергия көздеріненгізу жасыл генерацияның үлесін арттыруға және елді қосымша қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 12:53 43931
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төледі
Достарға айту
Фермерлік шаруашылықтар "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ-ның элеваторларына тікелей сатып алу бағдарламасы аясында жоспарланған жеткізілімдердің үштен біріне сәйкес 52 мың тонна астық жеткізді. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік оператор өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің есепшоттарына 3,4 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ фермерлік шаруашылықтардан үшінші, төртінші және бесінші сыныптағы бидайды, сондай-ақ екінші сыныптағы арпаны қабылдайды. Жеткізілген астықтың жалпы көлемінде ең үлкен үлесті 23% және 25% клейковинасы бар үшінші сыныптағы бидай алады.
Қазақстан өңірлерінде астық жеткізушілердің арасында дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары көш бастап тұр. Бұл өңірлердің фермерлері элеваторларға сәйкесінше 20,9 мың тонна, 18,4 мың тонна және 12,5 мың тонна астық жөнелтті.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Жувашевтың айтуынша, өтінімдерді қабылдау кезінде шағын агрокәсіпорындарға басымдық беріледі.
Өнімнің артық мөлшерін сатып алу шағын және орта шаруашылықтарға ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ мемлекеттік оператор ретінде нарықтағы бағаларды реттеп, астыққа әділ баға белгілейді", - деп түсіндірді Асылхан Жувашев.
Барлығы 440 ауыл шаруашылығы кәсіпорны астық сату туралы өтінім берді, оның ішінде 347-сі - шағын шаруа және фермерлік шаруашылықтар, ал 93-і - орта бизнес (ЖШС). Қазіргі уақытта агроқұрылымдар "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ тағы 98,2 мың тонна бидайды 6,9 млрд теңгеге жеткізуге дайын. Қабылданған астық үшін төлем қаражат бөлінгеннен кейін бірден жүзеге асырылады.
Тікелей астық сатып алу бағдарламасына қатысу үшін фермерлерге 2024 жылғы "Барлық жерлерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы" анықтама және мемлекеттік уәкілетті органмен расталған тиісті есепті ұсыну қажет. Астық сату бойынша өтінімдерді "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ өңірлік өкілдіктері қабылдайды.
Нарықтан астық сатып алуға 13 млрд теңге бөлінеді, бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 200 мың тонна астық сатып алуды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2024, 16:45 52126
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Достарға айту
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа еті Ереванға экспортталды. Экспорттаушы - Солтүстік Қазақстандық EMC Agro компаниясы.
Бұл кәсіпорын үшін шетелдік кәсіпкерлермен алғашқы ынтымақтастық тәжірибесі болды, себебі бұған дейін өнімдері тек Қазақстанда сатылып келген.
Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөздер жүргіздік. Жақын күндері бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі.
Мұны Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады, өйткені біз үшін бұл нарық енді ғана ашылуда. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін білдірді.
Айта кету керек, біздің кәсіпорын ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Сондықтан, егер біз осы екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатсақ, өніміміздің 50%-ы шетелге жіберіледі", - дейді компания өкілдері.
Жалпы, EMC Agro әлемдегі ең ірі шошқа еті тұтынушысы болып табылатын Қытаймен ынтымақтастықты қарастыруда. Биылғы жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro өнеркәсіп кешеніне барып, өндірісті тексергеннен кейін, жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.
Осыған байланысты компания ҚХР-дың Бас Кеден Басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне ену жұмыстарын жүргізуде.
EMC Agro - Қазақстандағы ет өңдеу кәсіпорындарының көшбасшысы. Компания жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіруге және оны түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 000 тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2024, 11:18 101376
Қазақстанда Венчурлық инвестициялар қорлары қоры құрылады
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов венчурлық қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдері және халықаралық әріптестермен кездесу өткізді. Талқылаудың басты тақырыбы жаһандық капиталды тартуға, стартап-экожүйені дамытуға және Қазақстанның өңірлік технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Диалогқа шақырылған Стэнфорд университетінің профессоры және венчурлық инвестиция бойынша танымал сарапшы Илья Стребулаев, Andreessen Horowitz серіктесі Малика Аубакирова және Lightspeed Venture Partners серіктесі Ғалым Иманбаев, сондай-ақ DCVC инвестициялар жөніндегі директоры Анна Фокина инновацияларды дамытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылар Қазақстанға елеулі прогреске қол жеткізу үшін әлемдік жетекші венчурлық инвестициялар қорларымен ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті, бұл инвестицияларды басқарудың озық технологиялары мен озық тәжірибелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олар жаһандық капиталды тарту үшін құқықтық инфрақұрылымды нығайтып, стартаптарды дамытудың кейінгі кезеңдерінде қолдауға жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан өңірдің барлық венчурлық мәмілелерінің 70%-дан астамын қамтамасыз етіп, Орталық Азияда көшбасшылық ұстанымды иеленіп отырғанын атап өтті. Соңғы бес жылда еліміздегі венчурлық капитал көлемі алты еседен астам өсіп, $80 млн-ға жетті.
Қордың құрылуы Қазақстанның инвестициялар мен технологиялардың халықаралық экожүйесіне интеграциялануына бағытталған елдің венчурлық капитал нарығын дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.
Венчурлық инвестициялар қорлары қоры орта мерзімді перспективада жетекші әлемдік, өңірлік және қазақстандық венчурлық қорларға бағытталатын $1 млрд жеке инвестицияларды тартуға бағытталған. Бұл тиімді әртараптандыруды, экономиканы трансформациялау үшін қажетті жаһандық құзыреттер мен аса маңызды технологияларға барынша қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда қордың бастапқы капиталын қалыптастыруға қазақстандық ірі бизнес өкілдерінен $100 млн-нан астам сомаға өтінімдер жиналды.
Қор жұмысында жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және басқа да негізгі технологиялық салаларды қосқанда, перспективалы бағыттарға ерекше назар аударылатын болады. 2030 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект нарығы $827 млрд-қа дейін өседі деп болжануда, бұл саланы инвестициялар үшін басым бағыттардың біріне айналдырады.
Премьер-министр Олжас Бектенов Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру озық технологияларға қолжетімділікті ашып қана қоймай, Қазақстанның халықаралық стартаптар мен технологиялар хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады деп атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз білім мен инновацияға негізделген экономика құрып жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда IT секторы белсенді дамып келеді, цифрлық қызметтер экспорты артып, жас мамандар ел ішінде де, шетелде де сұранысқа ие болып отыр. Біздің басты міндетіміз - өзіміздің таланттарымызды сақтап қалуға және жаңа дарындарды тартуға жағдай жасау, стартаптарды дамытудың барлық кезеңінде қолдау және Қазақстанға жаһандық құзыреттерді тарту", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2024, 11:16 101611
Астанада Euronews-тің өңірлік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті
Достарға айту
Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews кеңсесінің ашылуы Қазақстанның ақпарат саласы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Министр бұл тек географиялық ауқымды кеңейту емес, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасын, заманауи жетістіктерін әлемге көрсетуге берілген жаңа мүмкіндік екенін айтты.
Мемлекет басшысы қазақстандық мәдениетті, туристік және инвестициялық әлеуетті халықаралық деңгейде таныстыруды тапсырған болатын. Менің ойымша, бұл кеңсенің ашылуы осы жұмыстарға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл кеңсе мәдениеттер арасындағы диалог алаңына айналып, жаңа идеялар мен креативті шешімдерді ілгерілетуге үлес қосады. Бұл бастама арқылы тек өзара түсіністікті арттыратын ғана емес, жаһандық медиа кеңістікті байытатын жобалар дүниеге келетініне сенімдімін", - деді министр.
Бірлескен ынтымақтастық аясында Euronews 39 миллионнан астам көрерменді қамтыған Көшпенділер ойындарының материалдарын трансляциялады.
Сондай-ақ, қазақ халқының мәдени мұрасы мен инвестициялық жобалары туралы 10 бағдарлама, хабарлар мен сұхбаттар жарияланды.
Қазақтар - Ұлы Дала өркениетінің мұрагерлері, Орталық Еуразиядағы көкпаршы көшпенді халықтардың мемлекеттілік дәстүрінің ізбасарлары. Қазақ хандығы 1465 жылы Алтын Орда күйрегеннен кейін құрылып, кейіннен тәуелсіз мемлекет ретінде қазіргі Қазақстан Республикасының қалыптасуына әкелді. Келесі жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан 20 миллион халқы бар әлемдегі ең ірі 40 экономика қатарынан орын алып, көптеген экономикалық және саяси реформалармен үлгі боларлық жолды көрсетіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен бірнеше саяси реформалар табысты жүзеге асырылды. Осы өзгерістердің арқасында бүгін тарихи сәт - Астанадағы Euronews кеңсесінің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Біз Қазақстанның экономикасы, мәдениеті және мұрасы туралы халықаралық аудиторияны ақпараттандыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз. Қазақстандық кәсіпкерлермен, суретшілермен және таланттармен жұмыс істеп, Қазақстанның жаңа шындығын және жарқын болашағын көрсететін үш түпнұсқалық телешоу әзірлейміз", - деді өз кезегінде "Euronews" Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас.
Ынтымақтастықтың маңызды бөлігі - Euronews academy жобасын жүзеге асыру. Оның аясында отандық журналистерге шетелдік спикерлердің қатысуымен офлайн тренингтер мен мастер-класстар ұйымдастырылатын болады. Бұл қазақстандық БАҚ өкілдерінің кәсіби дағдыларына оң әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта 20 жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың қатарында мәдениет, өнер және өмір салты туралы "Modern Nomads" шоуы, бизнес пен экономикаға арналған өңірлік шоу - "East-West Connect", сондай-ақ өңірлік тұлғалармен сұхбаттар - "Voices from Central Asia" жобалары бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.12.2024, 17:17Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ 31.12.2024, 11:02 120736Шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды31.12.2024, 13:04 120336ҚР Президенті мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындады31.12.2024, 18:09 120026Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті31.12.2024, 18:17 119806Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті
30.12.2024, 17:17 146846Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ27.12.2024, 16:45 122346ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады27.12.2024, 17:14 122056Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды27.12.2024, 17:10 122016Мас жүргізуші - қылмыскер!27.12.2024, 17:00 121986Үкіметте Алматы қаласының экологиялық бағдарламасы талқыланды