25.03.2022, 17:17 28891

Энергетика министрлігі: 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну 153 млрд кВт сағ-қа дейін артады

Энергетика министрлігі: 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну 153 млрд кВт сағ-қа дейін артады
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 25 НАУРЫЗ - 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВтс құрайтын болады. Бұл туралы брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгінде бірқатар объективті себептер бойынша қолданыстағы энергия көздерін өндіру 2035 жылға қарай төмендейді және 89 млрд кВтсағ-тан кем болады, деді министр.
 
Максималды электр жүктемесі 2035 жылға қарай 22,7 ГВт деңгейіне жетеді. Қуат резервін 10%-ға дейінгі көлемде қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 2035 жылға қажеттілік шамамен 25 ГВт құрауы мүмкін. Осылайша, жұмыс істеп тұрған энергия көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттілігін жаба алмайды. Осыған байланысты, 2035 жылға қарай жаңа өндіруші қуаттарды іске қосуды қамтамасыз етуді талап етіледі, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.
 
Сонымен қатар, генерациялау секторына экологиялық әсерді төмендету, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша бірқатар факторлар әсер ететінін атап өту қажет.
 

Осыған байланысты энергия теңгерімі дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінің қуатын арттырумен қатар АЭС-тен генерацияны енгізу сценарийін қарастыруда", - деп атап өтті спикер. 

 
Тұтастай алғанда, 2035 жылға қарай іске қосуға қажетті жаңа энергетикалық қуаттардың құрылымы мынадай: 
 
- 6,5 ГВт жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану объектілері; 
 
- газ генерациясы 5 Квт жоғары; 
 
- 2 ГВт жоғары су электр станциялары; 
 
- 1,5 ГВт көмір генерациясы; 
 
- сондай-ақ 2,4 ГВт атом генерациясы. 
 
Бұл энергия жүйесінің шектес мемлекеттердің энергия жүйелерін реттеуден тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, базалық та, реттеу де қуатының тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.
 
Ақшолақов Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін жеткілікті әлеуетке ие екенін атап өтті. Ол Қазақстан өндірілетін және нарыққа жеткізілетін табиғи уран көлемі бойынша бірінші орында екенін еске салды. Қазақстанда ядролық отын компоненттерін өндіру бар, сондай-ақ біздің елде уранды изотопты байыту бойынша қызметтерге қол жетімділік бар.
 
Өткен жылы Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Ядролық отынның белсенді өндірісі басталды, деді ол.
 
ҚР Энергетика министрлігі АЭС салу мәселесін әлемдік тәжірибемен расталатын неғұрлым перспективті бағыттардың бірі ретінде қарастыруда, деді Энергетика министрі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны