11.01.2023, 14:46 30276

Энергетика министрлігі сұйытылған газдың бөлшек сауда бағасын реттейтін болады

Энергетика министрлігі сұйытылған газдың бөлшек сауда бағасын реттейтін болады
Заң жобасын қазақстандық мәжілісмендер бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 11 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандық мәжілісмендер бірінші оқылымда сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляева баяндама жасады.

Ол сұйытылған мұнай газының бағасы 2022 жылдың қаңтарында наразылық шеруіне түрткі болғанын атап өтті.

Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы газ саласын сапалы қалпына келтіруді тапсырды. Бұл заң жобасы - оның кезеңдерінің бірі. Ол саланы барынша автоматтандыру және цифрландыруды реттеуге мүмкіндік береді", - деді Е.Смышляева.


Сондай-ақ депутаттар заң жобасында өндіруші мен бөлшек сауда арасындағы бағаны теңестіру мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті.

ТМД елдерінің көтерме саудасындағы бағаларды мемлекеттік реттеу тәртібі де өзгереді. Осы мақсатта Кәсіпкерлік кодекске және "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Депутат сұйытылған газ бағасын тұрақтандыруға арналған заңнамалық жаңашылдықтар туралы бейнероликте толығырақ айтып берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны