25.08.2021, 17:59 12886

ХВҚ Қазақстанға 1,57 млрд доллар бөлді

НҰР-СҰЛТАН. 25 ТАМЫЗ - Халықаралық валюта қоры ұзақ мерзімді қажеттіліктерді қаржыландыру үшін Қазақстанға 1,57 млрд доллар бөлді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Басқарушылар кеңесінің 650 млрд АҚШ долларына тең қаржыны арнайы қарызға алу құқығын (СДР) жалпылай үлестіруге қатысты шешімі 2021 жылы 23 тамызда күшіне енді (шамамен 456 млрд СДР). Қазақстанға 1,57 млрд АҚШ долларын құрайтын сомада 1,11 млрд СДР меншіктелді", - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

 
Он бірінші рет іске асырылып отырған үлестіру қағидасы ХВҚ тарихындағы ең ауқымдысы болып табылады және сарапшылардың бағалауынша, әлемдік экономиканың орнықтылығы мен тұрақтылығын күшейтуге жағымды ықпал етеді.
 

ХВҚ-ның СДР-ды қайта үлестіру туралы шешімінің мақсаты – ХВҚ-ға қатысушы мемлекеттердің ұзақ мерзімдік қажеттіліктерін қаржыландыру үшін ғаламдық экономикаға қосымша өтімділік ұсыну. Мұндай қаражаттың бөлінуі әлемдік экономиканың пандемиядан кейінгі қалпына келу үдерістерін ынталандыратын болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

 
СДР-дың қосымша шығарылымы ХВҚ-ға қатысушы мемлекеттер арасында олардың квоталарының көлеміне қарай үлестірілді. ХВҚ-ға мүше мемлекеттер үлестрілген СДР-ды қандай мақсатта пайдаланатынын өз бетінше шешуге құқылы. СДР валюталық резервтердің бөлігі болып табылатындықтан, сақталынуы немесе өзге мүше мемлекеттердің еркін конвертацияланатын валютасын алу мақсатында айырбасталуы мүмкін. Сонымен қатар, сыртқы экономикалық операциялар бойынша жағдайы едәуір жақсы мүше мемлекеттер, экономиканың дағдарыстан кейін қалпына келуіне көмектесу мақсатында, үлестірілген СДР-ды жағдайы әлсіздеу мемлекеттерге ерікті түрде беруіне болады.
 
Анықтама үшін: СДР (ағылш. Special Drawing Rights) ХВҚ қалыптастырған мемлекеттердің халықаралық резервтерін толықтыратын, халықаралық резервтік актив. СДР құнын ХВҚ күн сайын СДР жинағына кіретін 5 валюта негізінде орнатады (АҚШ доллары, жапондық иена, евро, фунт стерлинг және қытай юані).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны