16.03.2021, 18:54 15353

Jusan Bank 2021 жылдың соңына дейін АТФБанкті өзіне қосады

Қосылу нәтижесінде Jusan Bank активтер мен капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіретін болады.
Нұр-Сұлтан. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Jusan Bank пен АТФБанктің акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "АТФБанк" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қосылу нәтижесінде Jusan Bank активтер мен капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіретін болады. Осылайша, бірігу аяқталғаннан кейін Jusan Bank активтерінің көлемі шамамен 3 трлн теңгені құрайды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметінде.
 

Біз қаржылық позициялары берік және цифрлық сервистері аса ыңғайлы сенімді әрі заманауи банк құрып жатырмыз. Клиенттік базаларды біріктірудің және алдыңғы қатарлы заманауи технологияларды енгізудің арқасында біз біріккеннен кейін 10%-дан көп құрайтын нарықтағы өз үлесіміздің одан әрі қарқынды өсетініне сенімдіміз", – деп атап өтті Jusan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.

 
Jusan Bank бүкіл еліміз бойынша 1,1 мың бірліктен асатын ең ірі банкоматтар желісін және 180-нен астам бөлімшелерді қамтитын болады. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылу үдерісін ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуына рұқсат алу туралы барлық тиісті құжаттар заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігіне жіберілетін болады. 
 

Біз алдағы бірігу процесстерінің әрбір клиентіміз үшін барынша жайлы өтуі үшін бар күшімізді саламыз. Екі банктің бірігуі барысында АТФБанктің барлық бөлімшелері мен сервистері Jusan Bank-ке қызмет көрсетуге толық көшкенге дейін қалыпты режимде жұмысын жалғастыратын болады", – деп атап өтті АТФБанк басқарма төрағасы Галия Маханова.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны