22.02.2023, 10:13 33911

Jusan Bank акцияларына тыйым салынды

Тыйым қарапайым және артықшылыққа ие акциялардың 65,58%-на салынды
Jusan Bank акцияларына тыйым салынды
Сурет: yandex.maps
Астана. 22 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматының Бостандық аудандық соты Jusan Bank акцияларына тыйым салды, делінген Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, тыйым Jusan Bank акцияларының 78,23 пайызына иелік ететін First Heartland Securitiesтің 131,3 млн дана қарапайым және артықшылыққа ие акцияларға салынды. Шешімді Алматының аудандық соты 15 ақпанда шығарған, бірақ ол тек 21 ақпанда жарияланып отыр.

Кейбір мамандар, банк акцияларының сатылуы Jusan Bank- тың тұрақтылығына әсер етпейтінін атап өтеді. Банктің акциялары банктің өзіне емес, басқа компаниялар мен жеке инвесторларға тиесілі. Кез келген жағдайда банк акциялары клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін капиталдың жеткіліктілігіне де, өтімділігіне де әсер етпейді-міс.

Еске салсақ, Прокуратура Қазақстанға Jusan тобын бақылауды қайтаруға ниетті. Бас прокуратураға бірқатар субъектілердің құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде Jusan тобы шет мемлекеттер азаматтарының бақылауына өту фактісі бойынша прокурорлық ден қою шараларын қабылдау туралы өтініш келіп түсті. Бұл ретте, аталған талап арыз Jusan Bankтің жұмысына қатысты емес, яғни оның ағымдағы қызметіне, сондай-ақ банктің клиенттері мен іскерлік серіктестіктерімен өзара іс-қимылына шектеу қоймайды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны