06.09.2021, 19:04 8066

Jusan Bank АТФБанкті қосып алуды аяқтады

Jusan Bank АТФБанктің серіктестер және клиенттер алдындағы барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мирасқоры болды.
АЛМАТЫ. 6 ҚЫРКҮЙЕК - Jusan Bank және АТФБанк табыстау актісіне қол қойды. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы түрінде АТФБанкті қайта ұйымдастыру шеңберінде тараптар қол қойған табыстау актісі АТФБанктің Jusan Bank-ке бүкіл мүлікті, сондай-ақ құқықтары мен міндеттемелерін табыстауының заңды түрде ресімделуі болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Jusan Bank-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Табыстау актісін бекіту туралы шешім 2021 жылғы 3 қыркүйекте Jusan Bank және АТФБанк акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданды. 
 

Табыстау актісіне қол қою АТФБанк-тің Jusan Bank-ке қосылуы жолымен оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру процессін аяқтайды. Қайта ұйымдастыру шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар қысқа мерзім ішінде тиімді түрде жүзеге асырылды", - дейді Jusan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.

 
Осылайша, Jusan Bank АТФБанктің серіктестер және клиенттер алдындағы барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мирасқоры болды. 
 
Jusan Bank баспасөз қызметінде атап өткендей, жүзеге асырудың барлық кезеңдері Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті мақұлдауын алғаннан кейін іске асырылды. АТФБанк қызметін тоқтатудың келесі қадамы – банк лицензиясын тапсыру бойынша заң процедурасы. 
 

Jusan Bank-пен бірігу нәтижесінде АТФБанк активтер және капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді, ал оның активтерінің шоғырландырылған көлемі 3 трлн.теңге көрсеткішке жетеді, бұл Қазақстанның банктік секторындағы нарықтық үлестің шамамен 10%-ын құрайтын болады", - деп қосты Jusan Bank.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны