30.11.2022, 10:18 24301

КҚК-да айлақ құрылғысындағы қалқымалы танкті ауыстыру жұмыстары аяқталды

Теңіз терминалында ШАҚ-2 пайдалануға дайын
КҚК-да айлақ құрылғысындағы қалқымалы танкті ауыстыру жұмыстары аяқталды
Сурет: cpc-online.ru
Ақтау. 30 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Кеше Каспий құбыр консорциумында теңіз терминалындағы екінші айлақ құрылғысында қалқымалы жабдықтарды ауыстыру жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы аталған консорциумның баспасөз қызметі мәлім етті.
 

2022 жылдың 29 қарашасында екінші айлақ құрылғысында қалқымалы жабдықты ауыстыру жұмыстары толығымен аяқталды. Гидростатикалық сынақтар тиісті деңгейде жүргізілді. Осы орайда аталған құрылғы мұнайды танкерлерге тиеуге дайын", - делінген Каспий құбыр консорциумы мәліметінде.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қараша айында Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы бірінші құрылғысы жөнделді.
 
Одан кейін бірден екінші қондырғыны жөндеу басталды.
 
Айта кетейік, 22 тамызда Каспий құбыр желісінің екі кешені техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемей тұрғаны хабарланған еді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны