27.04.2022, 17:48 20766

Аслан Қалиғазин "KazakhExport" компаниясын басқарды

2021 жылғы тамыздан бастап осы жылдың наурыз айына дейін "BV Management" ЖШС ("Kazyna Capital Management" АҚ еншілес компаниясы) бас директоры болды.
Аслан Қалиғазин "KazakhExport" компаниясын басқарды
Сурет: KazakhExport
НҰР-СҰЛТАН. 27 СӘУІР - Жалғыз акционердің мүддесін білдіретін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ шешімімен ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап Аслан Қалиғазин "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-ның Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қалиғазин Аслан Ермекұлы 1982 жылы дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 2005 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтында (ҚМЭБИ) магистратураны бітірген.
 
Университетті тәмәмдағаннан кейін еңбек жолын "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ-да бастады. 2006 жыл мен 2011 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде бас маман, басқарма бастығы, даму департаментінің директоры қызметін атқарды.
 
2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ қазынашылық департаментінің директоры болды. 2013-2016 жылдары жеке бизнеспен айналысты. 2016-2018 жылдары "Қазақстан қор биржасы" АҚ департамент директоры, басқарушы директоры лауазымдарын атқарды.
 
2018-2021 жылдары "KazakhExport" ЭСК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ал 2021 жылғы тамыздан бастап осы жылдың наурыз айына дейін "BV Management" ЖШС ("Kazyna Capital Management" АҚ еншілес компаниясы) бас директоры болды.
 

Бұрын "KazakhExport" ЭСК" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған Руслан Искаков 16 ақпаннан бастап "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", - деп еске салды "Бәйтерек" ҰБХ баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны