30.09.2022, 14:46 14986

Үкіметте экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Отырыста "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ және "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС қызметінің мәселелері қаралды.
Үкіметте экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Сурет: primeminister.kz
АСТАНА. 30 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ және "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС қызметінің мәселелері қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қазіргі уақытта монополиялық жоғары баға қою, үстем жағдайды асыра пайдалану белгілері бойынша "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
 
Сондай-ақ оның айтуынша, ведомство "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-не қатысты сұйытылған мұнай газына монополиялық жоғары баға белгілеу және ауыстырып тиеу, сақтау қызметтері мәселесі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.
 
Премьер-Министр осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.
 
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық сараптама орталығы бағаны көтерді деп күдіктелуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны