27.09.2021, 20:46 16599

Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы талқыланды

Үкімет инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін, бірінші кезекте АӨК секторындағы құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегі бойында бағаларды тұрақтандыру бойынша іске асырады.
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Үкіметте Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдері қатысты, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Азық-түлік бағасы – бұл әлеуметтік өзекті мәселе. Үкімет инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін, бірінші кезекте АӨК секторындағы құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегі бойында бағаларды тұрақтандыру бойынша іске асырады", — деді А. Мамин.

 
Негізгі аграрлық елдердегі, оның ішінде ҚР-дағы қолайсыз климаттық жағдайлар негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығының төмендеуіне алып келді. Осыған байланысты бағаның өсуі, сондай-ақ көрші елдер тарапынан ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артуы байқалады. Биыл 8 айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 9,7% құрады. Соңғы айда бағаның 0,7 пайыздық тармаққа төмендеуі байқалады. 
 
Инфляцияға қарсы ден қою шаралары аясында 2021 жылы "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ 87 млрд теңгеге (2020 жылы – 40 млрд теңгеге) ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл ретте сатып алынатын дақылдардың тізбесі 4-тен 9-ға дейін кеңейтілді: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, рапс, зығыр, соя, қарақұмық. Аталған өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ұн тарту кәсіпорындарына, құс және мал шаруашылығы шаруашылықтарына өткізу үшін пайдаланылатын болады.
 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны төмендету туралы 68 хабарлама шығарды, 8 тергеу тағайындалды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында ӘМАТ-та сауда үстемесінен асып кетудің және сыйақы алудың 46 фактісі анықталды. Осы өңірлердің басшыларына шекті сауда үстемесінен асыра белгілеген сауда субъектілерін жауапкершілікке тарту жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді".

 
Жалпы, Премьер-Министр әкімдіктер мен министрліктерге Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Егін жинау маусымының аяқталуына байланысты әкімдіктерге "айналым схемасы" бойынша қосымша қаржыландыру бөлуді жеделдету және өңірлік тұрақтандыру қорларына бұрын жеткізілген азық-түлік көлемін сатып алуды жүзеге асыру тапсырылды. Бұл ретте форвардтық сатып алу шеңберінде астық жеткізу бойынша "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ алдында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету міндеті қойылды.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны