17.04.2023, 11:38 42266

ҰКП: СБМАЖ проблемаларына байланысты фермерлер субсидия ала алмайды

ҰКП: СБМАЖ проблемаларына байланысты фермерлер субсидия ала алмайды
Ауыл шаруашылығы министрлігі "бәрі жақсы" деп сендіреді, шаруалар министрден отставкаға кетуді немесе өзі келіп, жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрсетуді талап етті

Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қолдаудың" орнына ашқан жаңа gosagro.kz сайтын толық іске қоса алмай отыр. Министрлік "шикі" платформаны пайдалануға беріп, енді шаруалар субсидиясыз қалды, деп хабарлады "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Биыл АШМ gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесін қосты. Оның функционалы да, өкінішке қарай, фермерлердің өтінімдерін онлайн тапсыруға және оларды мемлекеттік органдардың қарауына ғана негізделген.

Жаңа порталда олқылықтар көп. Біреуіне тоқталсам: өтінім дұрыс толтырылмаған жағдайда бұғаттау жоқ. Мысалы, Ақмола облысы бойынша осы жылға "Пестицидтерге арналған нормативтерді бекіту туралы" қаулы қабылданған жоқ, ал өтінімдер ауыл шаруашылығы басқармасына түсіп жатыр. Бақылау-қадағалау органдары қайтару үшін айқындаған субсидиялардың көпшілігі барлық құжатты тапсыру кезінде кәсібилігінің төмендігі немесе заңнаманың өзін екі жақты пайымдауына байланысты белгіленгенін атап өткім келеді", - деді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Есенеев.


Мұнымен қоймай, Ауыл шаруашылығы министрлігі порталдың жұмысы "тамаша" дегендей бұқаралық ақпарат құралдарына таныстырды. Оның үстіне журналистерге фермерлердің қызметіне күмән келтіретінін жеткізген.

АШМ жақында өзінің әзірленген порталын қорғаймын деп, бұқаралық ақпарат құралдарында фермерлермен ЭШФ-ны тыңайтқыштың немесе пестицидтің бір түріне бірнеше рет қолдану бойынша алаяқтық әрекеттер жасалғандығы, сондай-ақ егістік көлемін сипаттау кезінде ұлғайтқаны туралы айыптап, АӨК-тің барлық субъектінің қызметіне күмән келтірді", - деді Ербол Есенеев.


Сарапшының айтуынша, порталдың жұмысына қатысты проблемаларды тізе берсе көп. Солардың бірі - шаруалардың порталдағы жұмыс процесін түсінбеуі. Ірі холдингте субсидияға өтінім беру үшін арнайы адам табылуы мүмкін, бірақ өзі агроном, өзі зоотехник және өзі басшы болатын шағын фермаларда порталдың жұмысын зерттеп отыратын уақыт жоқ.

Сарапшы бұдан бөлек басқа проблемаларға тоқталды.

Мысалы, 6 құс фабрикасын біріктіретін Aitas ірі холдингі де өтінім беруде қиындықтарға тап болды. № 20 "құс шаруашылығында бірінші және екінші ретті асыл тұқымды репродукторды құру және кеңейту" жобасының паспорты бойынша инвестициялық субсидиялауға өтінім беру кезінде порталда жобаның паспортында көрсетілген тармақтарға сәйкес асыл тұқымды репродукторды салу немесе кеңейту жөніндегі бір жоба шеңберінде салынған ғимараттарды орналастыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына жеке өтінім беру көзделген. Әрбір жеке ғимаратқа және осы ғимараттар үшін әрбір жабдыққа инвестициялық субсидиялауға жекелеген өтінімдер беру дұрыс емес. Осыған байланысты порталды құрылыс заңнамасына сәйкес дұрыстау қажет", - деді ол.


Сондай-ақ, компания пайыздық мөлшерлемеге өтінім беру проблемаларына тап болған. Мұнда банкінің қарыз шарты бойынша қарызды өтеу кестесін толтырған кезде кемшіліктер бар:

- негізгі борыштың қалдығы алынып тасталмайды;

- субсидиялар сомасы және негізгі борыш қалдығының сомасы дұрыс емес деп есептеледі;

- қарызды өтеу кестесі дұрыс емес деп саналады;

- сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасы қолмен де, автоматты түрде де толтырылмайды;

- қарыз алушы төлейтін сыйақы бөлігінің сомасы да қолмен де, автоматты түрде де толтырылмайды;

- қарызды өтеу кестесін толтыру кезінде екінші жолдың не үшін қарастырылғаны белгісіз.

Фермерлер жүйе заңнамада көзделмеген жекелеген паспорттар бойынша жабдыққа немесе аспалы техникаға тіркеу нөмірін талап ететін мәселелер бойынша да наразылықтарын білдірді", - деп жалғастырды спикер.


Несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша осы уақытқа дейін (2022 жылы мақұлданған) резервке түскен өтінімдердің тізімі жоқ. "Хабарлама" беру процесі қарастырылмаған, яғни төлемдерді қайта жүргізген фермерлер мемлекеттік қолдау шараларын: ішінара мерзімінен бұрын өтеу, құқық иесінің ауысуы және басқаларды ала алмай отыр.

Ұлттық палата ұзақ уақыт бойы БСН берілген шаруа қожалықтары бойынша "Қолдаудың" әзірлеушілерімен жұмыс істеді. Субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, Gosagro-да осы өзгерістер ескерілмеген және БСН-і бар шаруа қожалықтар өтінім бере алмай, зардап шегіп отыр", - деп қосты Ербол Есенеев.


Бұл Субсидиялардың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (Gosagro) бойынша проблемалардың ең аз бөлігі ғана.

Атамекен" Ауыл шаруашылығы министрлігіне олқылықтарды жою, сондай-ақ нақты уақыты мен күні белгіленген жедел штаб құру туралы бірнеше рет хат жолдады. Алайда, осы уақытқа дейін АШМ тарапынан кері байланыс жоқ, ал проблемалар бірнеше айға созылып кетті", - деді сарапшы.


Маманның айтуынша, мемлекеттік база талдау және ақпарат алмасу, өңірлердің мамандануын анықтау, бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін ресурстық көз болуы тиіс - бұл әлемдік тәжірибе.

Естеріңізге сала кетейік, Қарашөкеев субсидия алу кезінде шаруалардың өңделетін жер көлемі туралы деректерді асыра бағалағаны туралы мәлімдеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны