11.10.2024, 12:39 75301

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды
Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.

Бұл шешімді қабылдағанда инфляцияның динамикасы мен тәуекелдер балансы ескерілді. Жылдық инфляция шілде айында өскен соң тамыз, қыркүйек айларында баяу төмендеуін жалғастырды. Инфляция біздің болжамымызға сай қалыптасып келеді, алайда 5%-тік (бес проценттік) таргеттен жоғары болып тұр. Халықтың инфляциялық күтулері де өзгеріп, жоғары деңгейде қалды.

Сыртқы ортада әлемдік азық-түлік бағалары өскені байқалады. Қазақстанның негізгі сауда-серіктесі - Ресейде инфляция қарқыны жоғары. Жалпы айтқанда, әлемде инфляция төмендеп келеді. Оған орталық банктердің жоғары ставканы ұзақ уақыт бойы ұстап тұруы себеп.

Ішкі экономикада проинфляциялық қысым сақталуда. Оған фискалдық ынталандырудың күшеюінен қалыптасқан тұтынушылық сұраныс, тұрғын үй коммуналдық қызметі бағаларының өсуі және халықтың инфляциялық күтулердің артуы әсер етіп отыр.

Біздің шешім қатаң ақша-кредит шарттарын ұстап тұру саясатын жалғастыруды көздейді. Ол баға өсімін баяулатып, инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін қажет.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны