13.07.2022, 16:18 10861

Ұлттық Банкте маусым айында теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берілді

Маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ға әлсіреді.
Ұлттық Банкте маусым айында теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берілді
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ға әлсіреді. Нарықтағы мұндай өзгерістерге сыртқы факторлармен қатар, ішкі факторлар да себепші болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бірінші кезекте АҚШ доллары позициясының жаһандық күшейгенін атап өткен жөн, деді Молдабекова.
 

Ішкі факторлардың арасында – дивидендтер төлеу кезеңінде заңды тұлғалар тарапынан валютаға сұраныстың артуы және экспорттаушылардың салықты төлеу үшін сатудың қысқаруына байланысты валюта ұсынысының төмендеуі", - деп бөлісті сарапшы.

 
Оның айтуынша, квазимемлекеттік сектор компанияларының шамамен 480,4 млн АҚШ долларын құраған валюталық түсімін сатуы және Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату ұсыныс жағынан валюта нарығына қолдау көрсетті.
 

Маусым ішінде Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялар жүргізбеді, нарық сентименті мен құбылмалылығы нарықтық жағдайға сәйкес келді. Айырбастау бағамының өзгермелі режимінде теңге үшін құбылмалылықтың орын алуы қалыпты жағдай екенін атап өткім келеді", - деді төраға орынбасары.

 
Сондай-ақ, ол маусым ішінде алтынвалюта резервтерінің көлемі 800 млн АҚШ долларына төмендеп, 32 млрд АҚШ долларын құрағанын айтты.
 

Маусымда АҚШ долларының нығаюы аясында алтын бағасы бір унция үшін 1854,4-тен 1813,6 АҚШ долларына дейін 2,2%-ға төмендеді, осыған байланысты алтын портфелінің төмендеуі орын алды. АВР-дың төмендеуіне Ұлттық Банктегі валюта шоттарынан клиенттер қаражатының әкетілуі әсер етті", - деп түсіндірді Молдабекова.

 
Алдын ала деректерге сәйкес, маусымның қорытындысы бойынша Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі өткен айда 2 млрд АҚШ долларына төмендеп, 51,9 млрд АҚШ долларын құрады.
 
Ұлттық қор активтерінің төмендеуі акциялар бағасының айтарлықтай құлдырауына және АҚШ долларының нығаюына байланысты болды. Ұлттық қордың төмендеуіне Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу де әсер етті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны