26.04.2023, 13:22 54506

Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтердің тарифтерін қаншаға көтеретінін айтты

Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтердің тарифтерін қаншаға көтеретінін айтты
Кейбір өңірлерде 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін

Астана. 26 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда жаз айларында электр мен жылу энергиясы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Оның айтуынша, биыл электр энергиясының тарифі шілде айынан бастап көтерілмек.

Кейбір өңірлерде 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін", - деді Ә.Қуантыров Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Бұл тұрғыда жылудың жаңа тарифі жаңа жылу беру маусымынан басталады. Тариф мөлшері әр өңірде әртүрлі болады.

Ведомство басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жұмыс істеп жүрген адамдардың жалақысын көтеру керек екенін айтты. Себебі бұл салада жалақы аз болғандықтан, мамандар жұмыстан кетіп жатыр.

Министр еліміздің аумағында жылу беру желілері 85 пайызға дейін тозғанын айта келе, бұл саладағы мәселені шешу бағытында тарифті көтеру ескерілгенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, біртіндеп жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны