14.04.2022, 18:22 26916

Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" басшысы болды

Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" басшысы болды
Сурет: kmg.kz
НҰР-СҰЛТАН. 14 СӘУІР - Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Үкіметінің келісімі бойынша "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды", - деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін Тоқаев Мырзағалиевті Президенттің кеңесшісі қызметінен босатқан болатын.
 
Мырзағалиев бұған дейін ұлттық компания құрылымында жұмыс істеген. 2010-2012 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарушы директоры. 2012-2013 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.
 
Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуірде Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Алик Айдарбаевтың Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі берілген өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны