31.12.2021, 17:19 52376

Машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі 18,5% артты

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың 11 айының қорытындысында осындай көрсеткіш тіркелді.
Машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі 18,5% артты
НҰР-СҰЛТАН. 31 ЖЕЛТОҚСАН - Машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі 18,5% артты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың 11 айының қорытындысында осындай көрсеткіш тіркелді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өзінің Іnstagram-парақшасында.

 
Өсім келесі салаларда өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты болды:
 
Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі - 21,3%:
 
- "СарыарқаАвтоПром" ЖШС (жеңіл және жүк көліктері) - 50 012 бірлік, өсім 42%;
 
- "СемАЗ" ЖШС (жүк көліктері) - 3 782 бірлік, өсім 40%;
 
- "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС (жеңіл автомобильдер) – 26 636 бірлік, өсім 4 есе;
 
- "Hyundai Trans Auto" ЖШС (жүк көліктері) - 690 бірлік, өсім 4%;
 
- "Камаз-Инжиниринг" АҚ (жүк көліктері) – 1 388 бірлік, өсім 30,6 %;
 
- "Уральскагрореммаш" АҚ (жүк автомобильдері және арнайы техника) – 1 388 бірлік, өсім 30%.
 
Өзге де көлік құралдары (теміржол техникасы) 56,7%;
 
- "ЗИКСТО" АҚ (платформа-вагондар) - 786 бірлік, өсім 2,6 есе;
 
- "Қазақстан вагон жасау компаниясы" ЖШС (жүк вагондары) – 1000 бірлік, 2020 жылы өндіріс жүзеге асырылмады.
 
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар (ауыл шаруашылығы техникасы) 33%:
 
- "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС (тракторлар, комбайндар) - 2046 бірлік, өсім 2 есе;
 
- "Қостанай трактор зауыты" ЖШС (трактор) – 377 бірлік, өсім 2,1 есе;
 
- ЧК Kazrost Engineering ltd (тракторлар, комбайндар) - 694 бірлік, өсім 1,5 есе;
 
- "СемАЗ" ЖШС (трактор) – 1 046 бірлік, өсім 3 есе;
 
- "МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты" ЖШС (трактор) – 947 бірлік, өсім 2,8 есе.
 
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісінің көлемі 6,6%.
 
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу 5,2%.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны