22.04.2022, 12:53 16456

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жергілікті бюджет есебінен үстемеақылар мен сыйақылар алатын болады

Аталған үстемеақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жергілікті бюджет есебінен үстемеақылар мен сыйақылар алатын болады
НҰР-СҰЛТАН. 22 СӘУІР - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаулы жобасын әзірледі, оған сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне жергілікті бюджет есебінен сыйлықақы берілетін болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Құжат, жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеуді көздейді.
 
Аталған үстемеақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
 
Қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны