26.02.2021, 19:09 19444
МКК біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібін түсіндірді
Достарға айту
Агенттер (жұмыс берушілер) жеке тұлғалардан ұстап қалған міндетті зейнетақы жарналарына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды, дәл осындай тәртіп міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына да қатысты. Зейнетақы жарналарының сомасын ұстап қалу кезінде ЖТС салынбауына байланысты зейнетақы жинақтарының сомасына төлеген кезде бір рет қана салық салынады, тиісінше қосарланған салық салуға жол берілмейді, деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінде екінші тәсілмен төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібіне қатысты егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл тәсіл БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен ЖТС ұстап қалуды көздейді.
Толықтай түсіну үшін бұл тәсілді мысал ретінде қарастыруды ұсынылған.
Мысал келтірейік:
салымшының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының сомасы = 8 500 000 теңге, жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге,
біржолғы зейнетақы төлемі = 5 000 000 теңге (8 500 000 -3 500 000),
есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10% = 500 000 теңге,
біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 5 000 000 теңге,
ЖТС зейнетақыдан келесідей түрде ұсталады:
Есептелген ЖТС сомасы 16 жылға, яғни 192 айға бөлінеді.
Сонымен, 500000/192 = 2604 теңге – ай сайын зейнетақыдан кейінге қалдырылған ЖТС сомасы ұсталатын болады.
Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге немесе зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымдарына аударуға шешім қабылдаса, онда кейінге қалдырылған жеке табыс салығының сомасы толық біржолғы төлеммен ұсталатын болады. Егер жеке тұлға қайтыс болса – осы жеке тұлғаның мұрагерлерінен мұраға қалған зейнетақы жинақтарынан, кейінге қалдырылған жеке табыс салығының сомасы бір рет ұсталатын болады", - деп толықтырды ҚР ҚМ МКК-нің Баспасөз қызметінде.
Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған "жеткіліктілік шегі" жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі. Бұған дейін де зейнетақы жинағын пайдалану кезіндегі салықты төлеу жолдарын түсіндірілді.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.01.2025, 13:47 4716
Қазақстан Иран мен Әзірбайжанға астық жеткізуді қайта бастады
Достарға айту
ҚР халықаралық астық нарықтарындағы өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. ҚТЖ деректері бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспорт 8,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Экспорттық бағыттардың ішінде: Өзбекстан (3,3 млн тонна), Қытай (1,7 млн тонна). Тәжікстанға 1,2 млн тонна астық жеткізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20% - ға артық. Қырғызстанға 140 мың тонна астық экспортталды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.
Иран мен Әзірбайжан нарықтары қалпына келтірілді. Иранға астық жеткізу көлемі 2 есеге (526 мың тонна), Әзірбайжанға - 1,8 есеге (211 мың тонна) өсті.
2024 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін 5 млн тонна жаңа астық тасымалданды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 50% - ға артық. Экспорт көлемі 57% - ға өсіп, 3,9 млн тоннаны құрады.
Оның ішінде Өзбекстанға 1.5 млн тонна (өсім 45%), Тәжікстанға - 633 мың тонна (57%), Ауғанстанға - 190 мың тонна (51%), Қытайға - 592 мың тонна (2%) экспортталды.
Иранға жеткізілім 30 есе артып, 455 мың тоннаны құрады, Әзірбайжанға 188 мың тонна экспортталды (2023 жылдың қыркүйек-желтоқсанында жеткізілім болған жоқ).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2025, 17:02 28261
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Достарға айту
Жалпы алғанда, 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған республикалық бюджет шығыстары 6 трлн 108 млрд-тан астам теңгені құрады, бұл 2024 жылғы шығыстардан 14 %-ға немесе 748,7 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Көзделген шығыстардың 97,9 %-ы немесе 5 трлн 982 млрд теңгесі азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталатын болады. Оның ішінде 4 трлн 262 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған, бұл шамамен 2,5 млн зейнеткерді қамтуға мүмкіндік береді (саны 77,8 мыңға өскен), 1 трлн 720 млрд теңге - барлық жәрдемақыларды төлеуге, бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді.
Қалған қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға және т. б. бағытталатын болады.
Бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2024 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 5 трлн 261 млрд теңге жұмсалды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттемелер уақтылы және толық көлемде орындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2025, 16:51 28496
Желтоқсан айында теңге бағамы 2,5% - ға әлсіреді - ҚР Ұлттық Банкі
Достарға айту
Желтоқсан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 525,10 теңгеге дейін 2,5%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 262 млн-нан 254 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,3 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметіне.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін желтоқсанда 900 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне шамамен 43 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді.
Республикалық бюджетке трансферт бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 750 млн АҚШ долларынан 850 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.
БЖЗҚ-да валюталық активтер үлесі 2024 жылдың соңында 40%-дан сәл жоғары болды. Ұлттық Банк желтоқсанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. 2025 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-қа валюта сатып алу жоспарланбады.
Ішкі валюта нарығында шектеулі ұсыныс кезінде экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына жоғары сұраныс сақталды.
Тұрақсыздық тудыратын ауытқулардың алдын алып, теңге бағамының шамадан тыс құбылмалылығын реттеу мақсатында және белгілі бір кезеңдерде шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенция жүргізді. Айдың қорытындысы бойынша валюта сату көлемі 307,6 млн АҚШ долларын құрады.
Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы толық ақпаратты ашып көрсетуді жалғастырады. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2024, 15:07 54806
Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 1,5 млрд теңге бөлінді
Достарға айту
Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат Қазақстан Үкіметінің резервінен Ұлытау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аудару үшін 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді көздейді. Қаржыландыру "Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту" жобасының 2-ші кезегін іске асыруға бағытталады.
Ұлытау облысындағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 шақырымды құрайды. Сонымен қатар бүгінде тозу деңгейі - 58%. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілді.
Жезқазғанда желілердің тозуы 60%-ға жуықтайды. 89 мың тұрғыны бар қаланы жылумен жабдықтауды ЖЭО қамтамасыз етеді. Қалалық жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымды құрайды.
Жезқазған қаласын жылумен қамту жағдайын жақсарту үшін облыс әкімдігі жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына түзетулер енгізді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 5 іске қосу кешенінің 5-ші кезеңін аяқтау үшін 1,5 млрд теңге қажет.
Үкімет резервінен бөлінген бұл қаражат 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2024, 12:57 55441
Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі
Достарға айту
2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 %-ға, ынтымақты зейнетақыны - 8,5 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары - 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылады, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.
Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі - 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы - 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы - 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы - 120 737 теңгені құрайды. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:
- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы - 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғаятын болады;
- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін - 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін ұлғаяды;
- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ - 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ - 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін ұлғайтылады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 6,5 %-ға артады. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Төлемдердің мөлшері жеке санаттарға және келесілерге байланысты болады: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 12:00 66451
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді
Достарға айту
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ел экономикасы мен халқын энергетикалық қауіпсіздікпен, сенімді энергия жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында 2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді.
Ағымдағы жылы қуаттылығы 500 МВт Екібастұз МАЭС-1 №1 энергоблок пайдалануға берілді, қуаттылығы 65 МВт Атырау ЖЭО № 6 турбоагрегатын және қуаттылығы 43 МВт Жезқазған ЖЭО № 8 қазандық агрегатын ауыстыру жүзеге асырылды, сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 163,35 МВт ЖЭК жобалары сәтті енгізілді.
Жоғарыда аталған станцияларды жаңғырту белгіленген электр қуатын арттыруға және парктік ресурсын жаңартуға бағытталған.
Өз кезегінде жаңартылатын энергия көздеріненгізу жасыл генерацияның үлесін арттыруға және елді қосымша қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 12:53 72436
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төледі
Достарға айту
Фермерлік шаруашылықтар "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ-ның элеваторларына тікелей сатып алу бағдарламасы аясында жоспарланған жеткізілімдердің үштен біріне сәйкес 52 мың тонна астық жеткізді. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік оператор өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің есепшоттарына 3,4 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ фермерлік шаруашылықтардан үшінші, төртінші және бесінші сыныптағы бидайды, сондай-ақ екінші сыныптағы арпаны қабылдайды. Жеткізілген астықтың жалпы көлемінде ең үлкен үлесті 23% және 25% клейковинасы бар үшінші сыныптағы бидай алады.
Қазақстан өңірлерінде астық жеткізушілердің арасында дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары көш бастап тұр. Бұл өңірлердің фермерлері элеваторларға сәйкесінше 20,9 мың тонна, 18,4 мың тонна және 12,5 мың тонна астық жөнелтті.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Жувашевтың айтуынша, өтінімдерді қабылдау кезінде шағын агрокәсіпорындарға басымдық беріледі.
Өнімнің артық мөлшерін сатып алу шағын және орта шаруашылықтарға ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ мемлекеттік оператор ретінде нарықтағы бағаларды реттеп, астыққа әділ баға белгілейді", - деп түсіндірді Асылхан Жувашев.
Барлығы 440 ауыл шаруашылығы кәсіпорны астық сату туралы өтінім берді, оның ішінде 347-сі - шағын шаруа және фермерлік шаруашылықтар, ал 93-і - орта бизнес (ЖШС). Қазіргі уақытта агроқұрылымдар "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ тағы 98,2 мың тонна бидайды 6,9 млрд теңгеге жеткізуге дайын. Қабылданған астық үшін төлем қаражат бөлінгеннен кейін бірден жүзеге асырылады.
Тікелей астық сатып алу бағдарламасына қатысу үшін фермерлерге 2024 жылғы "Барлық жерлерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы" анықтама және мемлекеттік уәкілетті органмен расталған тиісті есепті ұсыну қажет. Астық сату бойынша өтінімдерді "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ өңірлік өкілдіктері қабылдайды.
Нарықтан астық сатып алуға 13 млрд теңге бөлінеді, бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 200 мың тонна астық сатып алуды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2024, 16:45 80631
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Достарға айту
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа еті Ереванға экспортталды. Экспорттаушы - Солтүстік Қазақстандық EMC Agro компаниясы.
Бұл кәсіпорын үшін шетелдік кәсіпкерлермен алғашқы ынтымақтастық тәжірибесі болды, себебі бұған дейін өнімдері тек Қазақстанда сатылып келген.
Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөздер жүргіздік. Жақын күндері бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі.
Мұны Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады, өйткені біз үшін бұл нарық енді ғана ашылуда. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін білдірді.
Айта кету керек, біздің кәсіпорын ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Сондықтан, егер біз осы екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатсақ, өніміміздің 50%-ы шетелге жіберіледі", - дейді компания өкілдері.
Жалпы, EMC Agro әлемдегі ең ірі шошқа еті тұтынушысы болып табылатын Қытаймен ынтымақтастықты қарастыруда. Биылғы жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro өнеркәсіп кешеніне барып, өндірісті тексергеннен кейін, жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.
Осыған байланысты компания ҚХР-дың Бас Кеден Басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне ену жұмыстарын жүргізуде.
EMC Agro - Қазақстандағы ет өңдеу кәсіпорындарының көшбасшысы. Компания жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіруге және оны түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 000 тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.01.2025, 09:50Ұлттық Банк валютаны айырбастау бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шегін өзгертуге ниетті 14.01.2025, 09:58 6611Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті14.01.2025, 13:03 6351Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады14.01.2025, 13:08 6031Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жылы шеңберінде оқыту бағдарламаларын әзірледі14.01.2025, 09:52 2821Қызылорда облысында полиция қызметкері ақбөкендерді атқан
09.01.2025, 16:58 119931Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты09.01.2025, 17:13 1197662024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді10.01.2025, 16:10 986412024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 906112025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 90536Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
30.12.2024, 17:17 152306Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146426Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146141Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145666Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135576Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті