03.02.2022, 18:04 23356

ҚР-да утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау "Жасыл даму" АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі.
ҚР-да утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 3 АҚПАН - Қазақстан Республикасының Үкіметі кәдеге жарату төлемдерінің қайта жаңғыртылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Жасыл Даму" АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты. Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылуда. 
 

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау "Жасыл даму" АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі. "ӨКМ Операторы" ЖШС функциялары "Жасыл Даму" АҚ-ына өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілді", - деді Үкіметтің баспасөз қызметінде.

 
Бұған дейін ЭГТРМ басшысы елде кәдеге жарату төлемдерінің мөлшері қашан бекітілетінін айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны