12.04.2022, 17:42 11626

ҚР-дағы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алулар саласында 39 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды

Биылдың 3 айында 3,2 трлн теңгеден астам сомаға шамамен 186 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды.
НҰР-СҰЛТАН. 12 СӘУІР - Биылдың 3 айында 3,2 трлн теңгеден астам сомаға шамамен 186 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлағандай, тексеру қорытындылары бойынша, 9 912 рәсім бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 90%-ынан астамы орындалды.
 

500-ден астам аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1,5 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 39 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды", - деді ол.

 
Ол тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 33 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылғанын атап өтті.
 
Аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 400-ден астам ұсыным берілді, деп қосты Қаржы министрлігінің басшысы.
 
Сондай-ақ, Жамаубаев бюджет қаражатын игермеу бойынша көш бастап тұрған министрліктерді атады.
 

Республикалық бюджет бойынша сомасы 4 трлн теңгеге жуық шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 20 млрд теңгені құрады, оның ішінде 5 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 15 млрд теңге", - деп баяндады ол.

 
Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы iстер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты.
 
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 99,5%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,8%-ға атқарылды.
 

Игерілмеудің негізгі себептері: шарттарды ұзақ жасасу, төлем негізділігін растайтын құжаттардың жоқтығы немесе ұсынылмауы, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың өткізілмеуі, есепті айда қаражат жұмсау қажеттілігінің болмауы", - деп түсіндірді спикер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны