25.01.2022, 17:25 22766

ҚР батыс өңірлерін дамыту жоспарларын қаржыландыру 15,3 триллион теңгені құрайды

Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,7 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджет – 343,3 млрд теңге, жергілікті бюджет – 165,6 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,2 трлн теңге.
НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАҢТАР - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметтің қарауына батыс өңірлердің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының Әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларының жобаларын ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарлары әзірленді, сондай-ақ қолданыстағы Атырау және Маңғыстау облыстарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары өзектендірілді.
 

Батыс өңірлерді дамытудың 4 кешенді жоспарын қаржыландырудың жалпы көлемі 15,3 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,7 трлн теңге", - деді Қуантыров.

 
Ақтөбе облысының кешенді жоспары 92 іс-шарадан тұрады.
 

Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,7 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджет – 343,3 млрд теңге, жергілікті бюджет – 165,6 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,2 трлн теңге", — деді Ә. Қуантыров.

 
Кешенді жоспар шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту, цемент өндіру зауытын, титан-цирконий кендерін қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту кешенін салу және тағы басқа ірі жобаларды іске асыру көзделуде. 
 
Сонымен қатар, шетелдік инвесторларды тарта отырып, ерекше индустриялық аймақ құрылатын болады. Көптеген кәсіпорындар экспортқа бағдарланған болады деп күтілуде.
 

"Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырының үшінші желісін салу және 85 ауылды газдандыру, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық желілер салу жоспарланып отыр", - деді спикер.

 
Бұдан басқа, 1300 шақырымнан астам автомобиль жолы жаңғыртылады.
 

Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құрылатын болады. 18 ауылда денсаулық сақтау нысандары салынады. 224 мектеп жаңғыртылып, 16 орталық салынады. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында колледж студенттері үшін екі жатақхана салу жоспарда бар", - делінген баяндамада.

 
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестициялар өсімін 2,5 есеге қамтамасыз етеді немесе 1,5 трлн теңгені құрайды, өнеркәсіп көлемі 1,6 есеге 2,8 трлн теңгеге дейін артады, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 37%-ға өсуін қамтамасыз етеді.
 
Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспары жалпы сомасы 2,6 трлн теңгені құрайтын 116 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджет – 416 млрд теңге, жергілікті бюжет – 118 млрд теңге, жеке инвестициялар – 2,1 трлн теңге.
 

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында индустриялық аймақ құру, құю өндірісін, мұнайды терең өңдеу зауытын және цемент зауытын салу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы саласында 2 жылыжай, 25 бордақылау алаңын, 10 сүт-тауар фермасын салу, 4 шарбақты балық өсіру шаруашылығын құру, суармалы жерлер алаңын 6,6 мың гектардан 50 мың гектарға дейін қалпына келтіру және кеңейту, Киров су қоймасын реконструкциялау көзделген", — деді Ә. Қуантыров.

 
Батыс Қазақстан облысының кешенді жоспарын іске асыру нәтижесінде, 2025 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 55%-ға және ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 56%-ға өседі, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі 100%-ға жетеді, ал электр желілерінің тозуы 80%-дан 50%-ға дейін азаяды. Атырау облысын дамытудың өзектендірілген кешенді жоспары жалпы сомасы 8,9 трлн теңге болатын 185 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджет – 536 млрд теңге, жергілікті бюджет – 113 млрд теңге, жеке инвестициялар – 8,3 трлн теңге.
 
Жоспар шеңберінде ауданы 400 га индустриялық аймақ құру, терефталь қышқылын өндіру зауытын және көтерме-тарату орталығын салу көзделген. 
 
Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша 6 жылыжай, 5 мал бордақылау алаңы, 3 құс фабрикасы, балық өсіруге арналған 7 тоған шаруашылығы, сүт өңдеу цехтары және басқалары салынады.
 

Жайық және Орал өзендерінің жағалауын бекіту, қорғаныс бөгеттерін күрделі жөндеу және т.б. жұмыстар жүргізіледі", - деді ол.

 
Жоспарды іске асыру қорытындылары бойынша 2025 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 35%-ға артады, халықты сумен қамту 100% қамтамасыз етіледі, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ға дейін жетеді, 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру күтілуде.
 
Маңғыстау облысын дамытудың өзектілендірілген кешенді жоспары жалпы қаржыландыру көлемі 2,1 трлн теңгені құрайтын 226 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджет – 375,2 млрд теңге, жергілікті бюджет – 118 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,6 трлн теңге.
 

Өнеркәсіп саласында "Дунга" кен орнын игерудің 3-фазасын іске асыру, Ақтау қаласында мұнай-химия кешенін салу (3-кезең) және басқа да іс-шаралар жоспарланған. Агроөнеркәсіптік кешені салаларында 25 инвестициялық жобаны іске асыру және балық шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда", - деді спикер.

 
Туризм саласында 14 нысанның құрылысы көзделген.
 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Маңғыстау облысында өнеркәсіп көлемі 28%-ға, туристер ағыны 4,6 есеге артады, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 100%-ға жетеді және 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі", — деді ұлттық экономика министрі.

 
Айталық, 2025 жылға қарай төрт өңір бойынша шамамен 13 трлн теңге жеке инвестициялар тарту, 175 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру көзделген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны