ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар жыл басынан бері 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті
НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚАРАША - Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына және "Nur Otan" партиясының бағдарламасына сәйкес, Үкімет алдына 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі өндірісін 1,5 есеге ұлғайту міндеті қойылды.
Салада оң динамика қалыптасты. Биылғы жылдың 10 айында салада 5,3%-ға өсім қамтамасыз етілді. Жәйрем және Ақтоғай ТКБК қуатын кеңейту, алтын шығару фабрикасы мен ферроқорытпа зауытын, машина жасау өндірістерін салу жөніндегі ірі жобаларды іске асыру есебінен негізгі капиталға салынған инвестициялардың 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.
Өндіріс көлемінің ең көп өсуі фармацевтикада 33,6%-ға, машина жасауда 19,5%-ға, құрылыс материалдары өндірісінде 9,3%-ға, химия өнеркәсібінде 6,5%-ға, азық-түлік өнімдері өндірісінде 3,6%-ға байқалды.
Биыл мұнай-газ химиясы саласында техникалық газ бен октан көтеретін қоспа шығаратын зауыттар пайдалануға берілді, сондай-ақ полипропилен өндіру зауыты (93%) аяқталу сатысында тұр.
Биыл Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылды, ол тауарлар өндірісін жергіліктендіруді және отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді. 2021 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде тамақ өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, машина жасауда, металлургияда және басқа да салаларда 12,7 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге 139 индустриялық жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде қазіргі уақытта 1 трлн теңгеге 83 жоба іске қосылды. Қалғандары биылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі.
Толық қуатпен жұмыс істегенде бұл жобалардың өндіріс көлемі 1,1 трлн теңгені құрайды, өндірілген өнімнің үштен бірі экспортқа жіберіледі (350 млрд теңгеден астам).
Премьер-Министр биылғы 10 желтоқсанға дейін Үкіметке Индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасының 2025 жылға дейінгі өзектендірілген жобасын, 2022 жылғы 1 наурызға дейін өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, моноқалаларда іске асыру үшін "зәкірлік" индустриялық жобалар топтамасын әзірлеуді тапсырды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2022 жылғы 1 наурызға дейін кәсіпорындарда цифрлық шешімдерді енгізуді ынталандыру бойынша қажетті нормативтік құқықтық базаны қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан мен Ресей АӨК ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады
Мираторг" АӨХ геномдық селекция орталығында министрге асылдандыру жұмыстарының қолданылатын әдістері туралы айтылды. Олар ДНҚ тізбегін зерттеуге негізделген, бұл ерте жастағы жануарлардың асыл тұқымды құндылығын болжауға мүмкіндік береді, ал дәстүрлі әдістер бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ресейде Қазақстанда АЭС салу үшін технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен бәсекелестік диалогтың қорытынды кезеңі болды
Бүгін біз ядролық энергетика саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерттеуге бағытталған жұмыс сапарларымызды аяқтадық. Ленинград АЭС-іне бару қоршаған ортаны қорғау және жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз ететін технологиялар мен қауіпсіздік шараларымен терең танысуға мүмкіндік берді", - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қытайға, Вьетнамға және Египетке жаңа рейстер ашылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтап қалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда желтоқсан айында жылдық инфляция 8,6 пайызға дейін жеделдеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішті көрсетті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жаңаөзенде бірегей гибридті электр станциясын салу жобасы жүзеге асырылуда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Иран мен Әзірбайжанға астық жеткізуді қайта бастады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.01.2025, 11:362025 жылғы 26 қаңтардан бастап "Қызылорда-Арал" жолы ақылы болады 22.01.2025, 14:16 17481Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады22.01.2025, 10:46 17366ҚР Бас прокуратурасы "Семей орманы" өртіне қатысты барлық қылмыстық істің соңғы нүктесін қойды22.01.2025, 10:30 14186Қазақстандағы картоптың бағасы: Сауда министрлігі сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуі бойынша 49 фактісін анықтады22.01.2025, 16:21 13801Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
17.01.2025, 11:51 101331Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды17.01.2025, 12:03 1010962024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды16.01.2025, 11:53 943012024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды16.01.2025, 18:45 85326Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті16.01.2025, 18:57 85171Бектенов техникалық мамандарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын кеңейтуді тапсырды
30.12.2024, 17:17 153851Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 147991Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147676Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 147181Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 137106Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті