25.10.2021, 19:36 35547

ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені тағы да көтерді

АЛМАТЫ. 25 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 9,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,75%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,75% болады.
 

Шешім экономикада сақталып отырған инфляцияға қарсы қысым аясында қабылданды, оның нәтижесінде инфляция 2021 жылы 7,5-8,5% болжамды ауқымнан, әлемдік нарықтардағы бағалардың өсуінен, сауда әріптес елдердегі инфляцияның жеделдеуінен және ел ішіндегі жоғары инфляциялық күтулерден жоғары қалыптасады", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

 
Баспасөз қызметі хабарлағандай, сыртқы инфляциялық ахуал қолайсыз болып қалуда. Бұл әлемдегі азық-түлік бағасының жоғары болуына, жеткізілім қатарының үзілістеріне, тасымалдау, шикізат пен энергия тасымалдаушылар құнының өсуіне, сондай-ақ ішкі сұраныстың қалпына келуіне байланысты. ФАО азық-түлік бағаларының индексі 2021 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының барлық шағын топтарына бағаның артуы нәтижесінде жылдық көрсетуде 32,8%-ға өсті.
 

Негізгі сауда әріптес елдердегі инфляция жоғары деңгейде қалып отыр. Қытайда көмір мен энергияны көп қажет ететін салалар өніміне бағаның жоғарылауы нәтижесінде өндірушілер бағасының индексі 10,7%-ға дейін өсті. Биылғы жылғы қыркүйекте ЕО-да жылдық инфляция 3,6%-ға дейін, Ресейде – 7,4%-ға дейін жылдамдап, жылдамдауын жалғастыруда, мұны жылдық мәнде 7,8%-ды құраған қазандағы апталық инфляция көрсетіп отыр", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

 
Қазақстанда 2021 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция 8,9% болы. Үдеу барлық құрамдас бөліктерде байқалады. Тамақ өнімдеріне бағаның өсуі (8,9%-дан 4,5 п.т.) жылдық инфляцияның жылдамдауына негізгі үлес қосуда.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны