29.09.2021, 19:22 34091

Ресейден Қазақстанға дизель отынын жеткізу қайта жанданды

Орск МӨЗ-нен дизель жеткізу қалпына келтірілді.
НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Дизель отынының тапшылығынан Қазақстанға Ресейден жеткізу қайта басталды - батыс өңір тұрғындары Ор қаласындағы зауыттан шыққан отынды тұтынуда.
 

Қазақстанға көрші елден дизель әкелуге былтыр күзде тыйым салынып, 2021 жылғы 1 сәуірге дейін күшінде болды. Шектеу алынған соң ресейлік жанармай тым қымбат болғандықтан, жергілікті бекеттер оны алуға асықпады. Монополияға қарсы агенттік литрін 210 теңгеден жоғары сатқан кәсіпорындарды қадағалау арқылы бағаны ұстап қалуға тырысты, нәтижесінде кәсіпкерлер ресейлік дизельді мүлде алғысы келмеді. Енді Қазақстанда дизель тапшы, сондықтан билік көрші елден отын тасуға мәжбүр", - деп жазады kolesa.kz порталы.

 
Қазір дизельге қатысты жағдай ушығып тұр. Мұны мұнай-газ саласының маманы Ерлан Жаукин растады. Оның айтуынша, өңірде отын қоры азайып барады. Зауыттар тәулігіне 15-16 мың тонна жанармай шығарады, бірақ астық жинау науқаны жүріп жатқандықтан, бізге кем дегенде 17-18 тонна дизель қажет. Оның үстіне Павлодардағы зауытты жөндеу жұмыстарын көктемге шегеру мүмкін еместігі де жағдайды қиындатуда. Оның жұмысы 1-25 қазанда тоқтайды.
 

Менің ойымша, жаз басында тиісті шешім қабылдау керек еді. Қазір нарық үйтіп-бүйтіп шыдап тұр. Дегенмен импорт қажет, шамамен 100 мың тонна", — дейді Жаукин.

 
Жетпей жатқан дизельді Ресейден әкелуге тура келеді. Мәселені шешу үшін БҚО мен Ақтөбе облысына Ордағы зауыттан дизель жеткізіле бастады.
 
Порталдың мәліметтері бойынша, әзірше ресейлік жанармай қыркүйектегі келісім бойынша құжаттағы бағада сатылуда, алайда біздегі тапшылықты пайдаланған ресейлік өндірушілердің отын құнын көтермейтініне кепілдік жоқ.
 

Қазір оны сату тиімді болу үшін 1 қазаннан бастап "пистолеттегі" бағаны шектеудің күшін жою мәселесін және ел аумағынан дизельді отын шығаруға тыйым салу мерзімін ұзарту қаралып жатыр. Қазір Алматыдағы бекеттерде дизель 245 теңгеден сатылып жатыр", - деп жазады басылым.


Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда дизель отынын тұтыну күрт өсті, отын тапшылығы байқалады. Бұдан басқа, Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды.

Ақпарат көзі: kolesa.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны