24.12.2021, 17:54 37476

Құрылыс сметаларының көтерілуіне жол бермеу шаралары 2022 жылы күшіне енеді

Құрылыс сметаларының көтерілуіне жол бермеу шаралары 2022 жылы күшіне енеді
НҰР-СҰЛТАН. 24 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда қолданыстағы заңға тәуелді актілерге жобалардың сметалық құнының көтерілуіне жол бермеу мақсатында бірқатар түзетулер әзірленді және қолданыстағы сметалық-нормативтік база қайта қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: "Жобалардың сметалық құнын үнемі артық көрсету – аса өткір проблема. Бұл балабақша және мектеп сияқты шағын жобаларға да, ірі инфрақұрылымдық жобаларға да қатысты", - деп ерекше атап өткен болатын.
 

Осы тапсырманы орындау үшін қолданыстағы заңға тәуелді актілерге бірқатар түзетулер әзірленіп, қолданыстағы сметалық-нормативтік база (сметаларды қалыптастырудың жаңа тәсілдері) түбегейлі қайта қаралды", - деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның мәліметінше, кеңес барысында ең алдымен жобалау кезінде сметалық құнның көтерілуіне жол бермеу бойынша нақты шаралар, атап айтқанда құрылыстың шекті құнын белгілеу, ғимараттардың (құрылыстардың) конструктивтік элементтері бойынша эталондық құнын белгілеу, прайс-парақтарды қолдануға тыйым салу, құнның процесске бағдарланған калькуляциясы, жеке-дара бағалауларды қолдану ұсынылды.
 

Барлық әзірленген жаңа шаралар келесі жылдан бастап қолданыла бастайды", - деп нақтылады министрлікте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны