Салық есептілігінің жылдық нысандарын табыс ету мерзімі бүгін аяқталады - МКК
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 31 наурызында салық есептілігінің келесі нысандары бойынша тапсыру мерзімінің аяқталатынын еске салады:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);
2) жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);
3) үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00 нысан);
4) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);
5) жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);
6) тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша декларация (912.00 нысан);
7) бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысан).
Ведомствода салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігін электрондық нысанда ұсынған жағдайда оны ұсыну мерзімін ұзартуға құқылы екенін атап өтті.
Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімі келесі кезеңге ұзартылады:
1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде табыс етіледі;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін;
3) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
Алайда, салық есептілігін ұсыну мерзімі арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты ұзартылмайды", - деп нақтылады ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.