15.09.2022, 15:42 18106

"Самұрық-Энерго" екі кәсіпорынға бөлінеді

"Самұрық-Энерго" екі кәсіпорынға бөлінеді
Сурет: sk.kz
НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚЫРКҮЙЕК - 2025 жылға дейін "Самұрық-Қазына" қоры Қазақстанның ірі компанияларын жекешелендіруге, IPO мен SPO-ға шығаруға бастамашылық ете отырып, үлесін қысқартады. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Самұрық-Энерго" компаниясы екі кәсіпорынға бөлінеді, деді қор басшысы. Оның айтуынша, олардың бірінде барлық көмір активтері қалады. SamrukGreenCo екінші компаниясына барлық жасыл активтер, оның ішінде СЭС және ЖЭК объектілері беріледі. Ол 2023-2024 жылдары IPO-ға шығарылады.

 

Қазіргі уақытта KASE және AIX жергілікті биржаларында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның IPO-сын өткізу үшін белсенді түрде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл күндері Қазақстанның қалаларында бұқара халықты тарту үшін роуд-шоу басталады. Біздің міндетіміз – халықты хабардар етіп, барынша қамту", - деді А.Сәтқалиев.

 
2025 жылға дейін ҚМГ, AirAstana, QazaqGaz және ҚТЖ компанияларын IPO-ға шығару, KEGOC компаниясының SPO-сын өткізу жоспарланып отыр.
 
Бұл ретте, Қор стратегиялық активтердегі бақылау пакеттерін сақтайды, деп қосты Сәтқалиев.
 
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында "Самұрық-Қазына" қоры трансформацияланып, ішінара жекешелендірілетінін айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны