26.05.2022, 17:46 17611

Сенат Армениямен мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімді мақұлдады

Заң армян тарапына мұнай өнімдерін үшінші тарапқа сатуға тыйым салады.
НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - Сенат депутаттары жалпы отырыс барысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл құжат Қазақстандық кәсіпорындардың Арменияға мұнай, электр энергиясы, табиғи газ және көмірден басқа тауарлар жеткізу үшін қажетті жағдай жасауды, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ЕАЭО елдеріне келетін бақыланбайтын ағындарынан нарықты қорғауды мақсат тұтады.
 
Палата Қазақстан мен Армения Үкіметтері арасындағы тиісті келісімге 2020 жылғы 16 шілдеде қол қойылғанын еске салды.
 
Сонымен бірге, заң армян тарапына мұнай өнімдерін үшінші тарапқа сатуға тыйым салады. Аталған міндеттемені бұзу фактілері анықталған кезде қазақстандық тарап белгіленген тауарларды жеткізуге тыйым салу, тоқтата тұру немесе қысқарту құқығын өзіне қалдырады.
 
Құжатты қабылдау нәтижесі Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы мұнай өнімдері саласындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны