23.11.2022, 13:24 8211

Үш жылға арналған бюджетті қазақстандық парламентшілер мақұлдады

Үш жылға арналған бюджетті қазақстандық парламентшілер мақұлдады
Астана. 23 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулер мақұлданды.
 

Бұл құжатқа Сенат жалпы сомасы 71,8 млрд теңге болатын 57 түзету енгізді. Оның ішінде 2023 жылы 30 млрд теңге, 2024 жылы 29 млрд теңге, 2025 жылы 12,8 млрд теңге көзделген. Аталған шығындар автомобиль жолдарын дамытуға, халықты ауызсумен, табиғи газбен қамтамасыз етуге және өңірлерді қолдауға бағытталмақ. Сенат енгізген түзетулер репсубликалыө бюджет жобасының теңгерімділік өлшемшарттарына қайшы емес және Қазақстан экономкиасын әрі қарай дамытып, мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды іске асыруға бағытталған", - деді Анатолий Бойчин.

 
Палата депутаттары аталған түзетулерді мақұлдау жөнінде қаулы қабылдады.
 
Еске салсақ, 7 қарашада 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы Сенат қарауына енгізілген болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны