20.04.2023, 13:55 14051

Шетелге заңсыз шығарылған активтерден Қазақстанға 670 млрд теңге қайтарылды

Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша Бас прокуратураның деректері жарияланып жатыр
Шетелге заңсыз шығарылған активтерден Қазақстанға 670 млрд теңге қайтарылды
Астана. 20 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелден Қазақстанға 600 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылғанын айтты.
 
Бүгін Мәжілісте тілшілер Үкімет басшысының орынбасарына елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты сұрақ қойды.
 

Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша Бас прокуратураның деректері жарияланып жатыр. Қазіргі кезде 670 млрд теңге қайтарылды", - деді Е. Жамаубаев.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.
 
Сонымен қатар былтыр күзде Бас прокурор Берік Асылов алыс шетелдерден 400 млн доллар қайтарылғанын айтты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны