07.04.2022, 14:28 20761

Сингапурлық компания Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб құруға тартылды

Тараптар кедендік және сауда үрдістерін цифрландыру тақырыбын да қозғады.
НҰР-СҰЛТАН. 7 СӘУІР - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Берік Камалиев Сингапурдың PSA International Pte Ltd компаниясының вице-президенті Ли Пен Гимен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық перспективалары, оның ішінде Ақтау портында контейнерлік хаб құру жобасы, кедендік және сауда үрдістерін цифрландыру мәселелері талқыланды. 
 
Компания өкілдері Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен тасымалдарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытты. Кездесу қорытындысында тараптар тиісті жол картасын бекітуге келісті.
 
Ведомствода, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР ИИДМ Көлік комитеті Ақтау портында контейнерлік хаб құру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды. Жоба "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына енген. Контейнерлік хаб құру порт арқылы өтетін контейнер ағынын 100 мың ЖФЭ дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
 

Биыл І тоқсанның қорытындысында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымал көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға өскенін айта кету керек", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында контейнерлік хаб құру Транскаспий көлік бағыты бойынша жүк тасымалдауды дамыту мақсатында жоспарланып отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны