21.10.2022, 15:27 36586

Смайылов ЕАЭО елдерін мемлекеттік сатып алудағы кедергілерді жоюға шақырды

Смайылов ЕАЭО елдерін мемлекеттік сатып алудағы кедергілерді жоюға шақырды
Сурет: primeminister.kz
Ереван. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Ереванға жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 

Техникалық және технологиялық талаптар, жергілікті жағдай, тіпті географиялық шектеулер – серіктес елдердің мемлекеттік сатып алуларына қатысу кезінде кәсіпорындардың алдынан шығатын кедергілердің толық тізімі бұлар ғана емес", - деді Әлихан Смайылов.

 
Сонымен қатар Премьер-Министр ЕАЭО елдерін көлік құралы паспортының бірыңғай формаларын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жеделдетуге, сондай-ақ Одақтың ортақ нарығының тиімділігіне тікелей әсер ететін техникалық регламенттерді өзектендіруге шақырды.
 

Техрегламенттердің бірыңғай базасын қалыптастыра отырып, біз қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін тауарлардың еркін айналымын мақсат тұттық. Алайда сертификаттар беру процесін реттеудегі олқылықтар жалған сертификаттар негізінде тауарларды әкелуге жол ашып отыр", - деді Әлихан Смайылов.

 
Осыған байланысты Үкімет басшысы Қазақстанның бастамасымен "сұр" сертификаттармен күресуге бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданғанын атап өтті.
 

Әрбір тараптың бірлескен күш-жігері мен нақты іс-әрекеттері ғана бізге ағымдағы сын-қатерлерді еңсеруге және Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуына қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

 
Отырыста сөз алған Әлихан Смайылов ЕАЭО аясындағы белсенді жұмыс өзара сауда мен өнеркәсіп кооперациясын кеңейту, көлік логистикасын дамыту және халық пен бизнестің басқа да өзекті мәселелеріне қатысты міндеттерді дәйекті әрі жүйелі түрде шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
 

Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда-саттығы осы жылдың 8 айында $17 млрд-тан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Жалпы, бірлестік құрылған сәттен бастап Қазақстан Одақ елдеріне өңделген өнімнің экспортын 64%-ға ұлғайтты, оның ішінде номенклатурада дайын тауарлардың үлесі артып келеді", - деп атап өтті қазақстандық премьер.

 
Ереванға жұмыс сапары аясында Премьер-Министр ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен бірлескен кездесуіне де қатысты.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкіметаралық кеңес отырысында Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян ЕАЭО елдерінің өз тауарларының нарығын құруға шақырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны