31.01.2025, 11:27 3621

Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады

Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады
Career Enbek сайтында жұмыссыз азаматтардан кәсіптік біліктілігін тану үшін ваучерлер алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл бастама жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, азаматтардың кәсіби дамуын қолдауға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Өтінімдерді өңдеуді және консультациялық қолдауды барлық кезеңдерде еңбек мобильділігі орталықтары жүргізетін болады.

Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі.

Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды, бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді.

Ваучер алу үшін азаматтың ресми "Жұмыссыз" мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.

Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны