29.09.2022, 14:46 17101

Смайылов пен Ресей өнеркәсіпшілер одағы комитетінің басшысы бірлескен мұнай-газ жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

Тараптар, сондай-ақ, бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, логистика және салық салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Смайылов пен Ресей өнеркәсіпшілер одағы комитетінің басшысы бірлескен мұнай-газ жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады
Сурет: Primeminister.kz
АСТАНА. 29 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының энергетикалық саясат және энергия тиімділігі жөніндегі комитетінің төрағасы Вагит Алекперовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тараптар геологиялық барлау жүргізу және мұнай кен орындарын игеру, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, логистика және салық салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. 
 
Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі бірлескен жұмысты жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа ықтимал бағыттарын айқындауға дайын екенін атап өтті. 
 
Өз кезегінде Вагит Алекперов Қазақстан аумағында инвестицияларды одан әрі кеңейтуге және жаңа жобаларды әзірлеуге мүдделі екенін айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны