02.03.2024, 09:34 77191

Standard&Poor's Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады

Экономиканың өтімді сыртқы активтері алдағы бірнеше жылда сыртқы борыштан айтарлықтай асып түседі
Standard&Poor's Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады
Сурет: Depositphotos
Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның "BBB-/А-3" деңгейіндегі егеменді кредиттік рейтингін, "Тұрақты" болжамын растады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінен.

Ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін Қазақстанның фискалдық және сыртқы баланстарының орнықтылығы ел рейтингін қолдаудың негізгі факторлары болып қала беруде.

S&P сарапшылары экономиканың өтімді сыртқы активтері алдағы бірнеше жылда сыртқы борыштан айтарлықтай асып түседі деп болжайды.

Есепте экономиканың өсуі құрылыстағы, өнеркәсіптегі, саудадағы, ақпарат пен байланыстағы белсенділікке байланысты екендігі атап өтілді.

Сонымен қатар, cарапшылар инфрақұрылымды дамытуды және одан әрі әртараптандыруды қоса алғанда, Үкіметтің ынталандырушы шараларын атап өтті.

S&P экономикалық реформалардың жалғасуы және мемлекеттік шығыстардың орташа өсуі 2024-2027 жылдардағы тапшылықты азайтады деп күтеді.

ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде егеменді рейтингті сақтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны