18.05.2022, 16:14 20656

Теңге бағамының нығаю себептері туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары айтып берді

Теңге бағамының нығаю себептері туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары айтып берді
НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - Сәуірде жаһандық қаржы нарығындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан, теңгенің бағамы 1 доллар үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сәуір ішінде шетел валютасына деген сұраныстың айтарлықтай төмендегені байқалды. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,9 млрд АҚШ доллары болғанда 179 млн АҚШ долларынан 92 млн АҚШ долларына дейін төмендеді", - деді Молдабекова.

 
Оның мәліметтері бойынша, шетел валютасына сұраныстың төмендеуі, ең алдымен, логистикалық тізбектердің тоқтатылуы және жеткізудегі ықтимал үзілістер нәтижесінде импорттың, оның ішінде Ресей импортының төмендеуіне байланысты болды. Сонымен қатар, қазіргі жағдайды ескере келе, Ресей Федерациясының белгілі бір өнім түрлерінің экспортына шектеу шараларын қолдану жағдайында импортты басқа нарықтарға қайта бағыттауға болады, бұл белгілі бір уақытты қажет етеді. Сыртқы нарықтарда белгісіздіктің сақталуы нарық қатысушылары белсенділігінің төмендеуіне ықпал етеді. 
 

Жалпы алғанда, нарықтағы сентимент өзгеріп, жеке тұлғалардың тарапынан сұраныс тұрақтанды, бұл да теңгенің бағамына оң әсер етеді. Теңгедегі активтерді қорғау шаралары және Ұлттық Банктің мөлшерлемені 14%-ға дейін көтеруі – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдауға ықпал ететінін атап өтеміз", - деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасының орынбасары.

 
Теңгенің нығаюына әсер еткен басқа факторды айтсақ, ол – капиталды бақылау және экспорттаушылардың валюталық түсімді міндетті түрде сату бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде Ресей рублі бағамының қалпына келуі, деп атап өтті Молдабекова.
 
Сондай-ақ, оның айтуынша, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы Қазақстанның валюта нарығына біраз қолдау көрсетті, олар шамамен 253 млн АҚШ долларын құрады. 
 

Мамыр басында теңгенің бағамы 432,79 дейін нығаюын жалғастырды, осылайша жыл басынан бері ұлттық валютаның әлсіреуі небәрі 0,2%-ды құрады", - деп түйіндеді Молдабекова.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны