17.05.2022, 16:45 13266

Техникалық қадағалау компанияларына жол құрылысында бұзушылықтар үшін 2,1 млн айыппұл салынды

Жалпы жыл басынан бері мердігерлердің өз қаражаты есебінен 51,2 млн теңге сомасына жұмыстар қайта жүргізілді.
Техникалық қадағалау компанияларына жол құрылысында бұзушылықтар үшін 2,1 млн айыппұл салынды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - Үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев автожол саласын дамыту жөніндегі жұмыстардың ілгерілеуі туралы баяндады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министр орындалатын жұмыстар мен пайдаланылатын жол-құрылыс материалдарының сапасына жіті назар аударылып жатқанын атап өтті. 
 

Биыл жыл басынан бері жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптаумен, республикалық желі бойынша барлық автожол жобалары және жергілікті желі 52 пайызға қамтылған. Жол-құрылыс материалдарының 3 мың 299 үгісі таңдалып, сынақтан өтті, 503 сынама нормаларға сәйкес келмейді. Жалпы жыл басынан бері мердігерлердің өз қаражаты есебінен 51,2 млн теңге сомасына жұмыстар қайта жүргізілді. 2 техникалық қадағалау компаниясына өңірлік Мемлекеттік сәулет және құрылыс басқармасының шешімі бойынша жалпы сомасы 2,1 миллион теңге айыппұл салынды, бір техникалық қадағалау аттестаты алты айға тоқтатылды", - деді Өскенбаев.

 
Ол "Көлік туралы" заң жобасы аясында орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында келесідей түзетулер енгізілетінін атап өтті:
 
- кепілдік кезеңінде авторлық және техникалық қадағалаудың мердігерлік ұйымдармен тең дәрежеде ортақ жауапкершілігі;
 
- сапа орталығына көше-жол желісіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша өкілеттіктер беру.
 
Битумды уақытылы жеткізу мақсатында ИИДМ Энергетика министрлігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, тиісті ай сайынғы қажетті жол битумын тікелей жеткізу бойынша ресурс ұстаушылар мен мердігерлік ұйымдар арасында жұмыс механизмін құрды. Биыл битумның жалпы қажеттілігі 1 миллион 100 мың тоннаны құрайды.
 
Қ. Өскенбаевтың хабарлауынша, биыл автожол саласындағы жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен 601 миллиард теңге бөлінді. Жалпы қолданыстағы автожолдардың 11 мың 500 шақырымында құрылыс, реконструкция және жөндеу жүріп жатыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны