24.11.2022, 18:31 29971
Тоқаев Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы Заңға қол қойды
Достарға айту
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 - 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
- 2023 жылы - 2,2 трлн теңге;
- 2024 жылы - 2 трлн теңге;
- 2025 жылы - 1,9 трлн теңге.
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт республикалық бюджетке бағытталсын", - делінген заң мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.12.2024, 13:46 1366
Отандық тауар өндірушілермен жасалған офтейк-келісімшарттар саны бір жылда 12 есеге өсті
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Негізгі міндет - қор компаниялары тобының мысалында Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов биылғы 11 айдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының инвестициялық портфелі жалпы сомасы 53,5 трлн теңгені құрайтын 130-ға жуық жобаны қамтиды.
Үкіметтің ерекше бақылауында тұрған 44 инвестициялық ірі жобаның іске асырылу барысы қаралды. аталған жобаларға мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика және тау-кен секторларындағы салынған қаржының жалпы көлемі 28,8 трлн теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 23 жоба бойынша ЕРС-келісімшарттар жасалды, бұл ретте 15 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қалғандары іске асырудың түрлі кезеңдерінде.
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "Талдықорған - Үшарал" магистралды газ құбырын салу жобасы бойынша жоспарланған 302 шақырымдық газ құбырының 95,5 шақырымы тартылғанын, жұмыстар мерзімінен бұрын жүргізіліп жатқанын баяндады. "Достық - Мойынты" теміржол дәлізін жаңғырту аясында жоспарланған 836 шақырым жолдың 786 шақырымы салынды, бұл да осы кезеңдегі жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. СИБУР және Sinopec "Полиэтилен өндірісі" компанияларымен бірлескен жобаны жүзеге асыру шеңберінде инженерлік дайындық жүргізіліп жатыр.
Президенттің бірлескен инвестициялау құралдарын кеңінен қолдану жөніндегі тапсырмасын орындауда әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін жекеменшік компаниялар қаражатын тарту жұмыстары жалғасуда. Осылайша, Қызылорда облысында электр стансасын салу шеңберінде 2024 жылы "Самұрық-Энерго" АҚ мен қатарлық инвестор PIH арасында қуаты 1 ГВт жел электр стансаларын іске қосу жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы - Masdar (БАӘ) компаниясымен бірлескен жоба бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға газбен жабдықтау тарифін түзету мәселелерінде қолдау көрсету үшін "Әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасының іске қосылуына назар аударылды. Бұл бастама атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтарды қамтиды. Олар үшін тауарлық газға жеңілдік мөлшері есептелген соманың 24%-на жетуі мүмкін.
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазына" АҚ сатып алуларында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берді. Осы жылдың 11 айында офтейк-келісімшарттар сомасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 есеге өсіп, 182,3 млрд теңгеге жетті. ОТӨ-мен жалпы 1 трлн теңгеден астам сомаға шарт жасалды, өткен жылмен салыстырғанда өсім 83%-ды құрады. Биылғы қараша айында жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тарапынан заңсыз құжаттарды тіркеу мүмкіндігін жою мақсатында ҚР ҚМ МКК электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен интеграциялау қамтамасыз етілді. Премьер-министрдің елішілік құндылық үлесін 82%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жоспарлы көрсеткішке 2024 жылдың соңына қарай қол жеткізіледі деп күтіліп отыр.
Премьер-министрге мұнай-газ-химиясы, электр энергетикасы, көлік-логистика, тау-кен, телекоммуникация секторларындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін 2025-2029 жылдары Қордың меншікті қаражатының 3,6 трлн теңгесін қосқанда, шамамен 9,6 трлн теңге инвестициялау жоспарланғаны баяндалды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды, оның ішінде алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді. Қор басшылығы мен қызметкерлерінің пайдалы әсер коэфиценті тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша жұмыс тиімділігінің көрсеткішін қамтиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.12.2024, 13:34 1576
Елімізде бидайды терең өңдеу кәсіпорнын салу мәселесін талқыланды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан бастаған қытай делегациясымен кездесу өткізді. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ көмір химиясы мен машина жасау салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қытайлық көпсалалы Dalian Hesheng Holdings компаниясы бидайды өңдеу және ашыту саласындағы технологиялық патенттің иегері саналады және озық цифрлық технологияларды пайдаланады. Ақмола облысында бидайды тереңдете өңдеу бойынша тігінен кіріктірілген өнеркәсіптік парк құрылысының жаңа инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде инвестиция көлемі $500-800 млн-ды құраса, жобаны іске асырудың екінші және үшінші кезеңдері тағы $1 млрд-қа бағалануда. Алғашқы кезеңде қайта өңдеу қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін өсу перспективасымен 1 млн тоннаны құрайды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Жобада көмір жылу электр стансасы мен көмір химиясы кешенінің құрылысы да қарастырылған. Көмірді қайта өңдеу нәтижесінде жылына 150-400 мың тонна сұйық аммиак алынады деп күтілуде.
Жалпы, жаңа агрожобаны іске асыру мультипликативті әсер береді, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға ықпал етеді, сондай-ақ логистика және сауда секілді еншілес салалардың дамуына серпін береді.
Премьер-министр астық жинауда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуді ескере отырып, бидайды қайта өңдеуді белсенді түрде арттырудың маңызды екеніне тоқталды.
Қазақстан - аграрлық секторы дамыған ел. Біз қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыруға ұмтыламыз. Бұл - біздің еліміз үшін басым бағыт. Үкімет өндірісті локлизациялауға және озық технологияларды трансферттеуге бағытталған", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Dalian Hesheng қытайлық компаниялар тобы басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан өз кезегінде Қазақстандағы ынтымақтастық пен өндірісті дамыту перспективаларын жоғары бағалады. Қолайлы іскерлік ахуал және бизнесті жүргізуге жасалған жағдай атап өтілді. Ма Хуньхан зауыттың құрылысын 2025 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отырғанын айтты.
Сондай-ақ кездесу барысында Dalian Hesheng Holdings Group компаниясының аграрлық бағыт жөніндегі басқарма төрағасы Юй Юфэй, бидай биоферментациясының бірегей технологиясын әзірлеуші және саладағы озық шешімдердің авторы, аға инженер Шу Сонгпо сөз сөйледі.
Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде қытайлық әріптестермен инвестициялық келісім жасау бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.12.2024, 11:08 1901
Қазақстанда зәйтүн зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосылады
Достарға айту
2023 жылы қазақстандық "QVM Technology", "Ordabasy Group" және "Ервира" компаниялары грузиялық "Olive Georgia" компаниясымен бірлесіп, Жетісу, Түркістан және Маңғыстау облыстарында зәйтүн ағаштарының көшеттерін тәжірибелік отырғызу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алғашқы 6080 көшет отырғызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, көшеттердің 99,7%-ы жақсы өміршеңдік деңгейін көрсетті. Алғашқы өнімді 5 жылдан кейін жинау жоспарланып отыр.
2024 жылдың көктемінде Испания мен Түркиядан әкелінген көшеттер отырғызылды.
2025 жылдың соңына дейін қазақстандық компаниялар 1000 гектар аумаққа зәйтүн ағаштарының көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр.
Жоба аясында ғылыми қолдау көрсету қарастырылған: Испанияның Кордова университетінің профессоры Пабло Мореллоның жетекшілігімен топырақ, климат және метеорологиялық деректерді жинау және талдау жүргізілетін болады.
QVM Technology" ЖШС 2030 жылға қарай зәйтүн өңдеу және зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2024, 20:35 9566
Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 108%-ға орындалып, 7,2 трлн теңгені құрады
Достарға айту
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет отырысында 2024 жылдың 11 айындағы қаржы жылының қорытындысын ұсынды. Мемлекеттік бюджеттің кірісі 19 трлн теңге болды, бұл жоспардың 90%-ын құрайды. Республикалық қазынаға 11,8 трлн теңге немесе жоспарланған қаржының 82%-ы түсті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-министрдің айтуынша, негізгі орындалмау жоспардың 76%-ын құрайтын салық түсімдерінің төмендеуіне байланысты.
Жоспарды орындамаудың негізгі себептері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 ай ішінде үшінші елдерден импорт көлемінің 6,5%-ға немесе $2,3 млрд-қа азаюына; негізгі экспорттық металдар бағасының төмендеуіне байланысты, бұл өз кезегінде 602 ірі салық төлеушілер бойынша аванстық төлемдер сомасының 267 млрд теңгеге төмендеуіне әсер етті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтару 2,5 есе ұлғайып, 981 млрд теңгені құрады. Соған қарамастан салықтар бойынша атқарылмау салықтық емес төлемдердің 1 трлн теңгеге ұлғаюы есебінен өтелді", - деп атап өтті Ержан Біржанов.
Жергілікті бюджеттерге келетін болсақ, олардың өз кірістері 108%-ға орындалды және 7,2 трлн теңгені құрады. Жоспар 525 млрд теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 26,5%-ға өсті немесе 1,5 трлн теңгеге көп түсті.
Бюджет шығыстары бойынша: мемлекеттік бюджет жоспарланғаннан 94%-ға, республикалық - 96%-ға, жергілікті - 92%-ға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 20,8 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді, мұнда әлеуметтік бағыттың басымдығы сақталып қалды.
Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерге:
зейнетақы мен жәрдемақыға - 5,2 трлн теңге ;
өңірлерге субвенцияларға - 4,8 трлн теңге;
міндетті медициналық сақтандыру қорына - 1,6 трлн теңге жұмсады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 13 трлн теңгені құрады. Шығыстардың негізгі үлесі:
әлеуметтік салаға - 6,6 трлн теңге (51%);
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа - 1,9 трлн теңге (14,6%);
көлік және коммуникацияға - 1,2 трлн теңге (9,3%);
ауыл шаруашылығына - 750 млрд теңге (5,7%) бағытталған.
Бюджетті атқарудың маңызды компоненттерінің бірі - мемлекеттік сатып алу процесі болып саналады. Оның көлемі 8,8 трлн теңгені құрады. Өткен есепті кезеңде мемлекеттік сатып алудан үнемдеу есебінен бюджет қаражатын оңтайландыру 840 млрд теңгені құрады.
Бұдан басқа, 6,9 трлн теңге бюджет қаражатына 1 460 аудиторлық іс-шара өткізілді. Шамамен 271 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталып, оның ішінде 221 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар күшін жойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2024, 10:36 11211
11 айда ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 63 пайызға ұлғайды
Достарға айту
11 айда ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 63 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды Үкісеттің баспасөз қызметінен.
Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) тұрақты өсуді жалғастырып келеді. Өткізу қабілеті жылына 6 млн тоннаға, оның ішінде 100 мың ЖФБ контейнерлік тасымалдарға дейін ұлғаюда. 2024 жылдың 11 айында жүк тасымалының көлемі 63%-ға өсіп, 4,1 млн тоннаға жетті, ал контейнерлік тасымалдар 2,6 есеге артып, 50,5 мың ЖФБ құрады.
Бұл көрсеткіштер бағыттың айтарлықтай өскенін дәлелдейді", деп көрсетілген хабарламада.
2024 жылы Транскаспий көлік дәлізінің үйлестіру орталығы іске қосылды. Ол инфрақұрылымды дамытуға және бағыттың функционалын кеңейтуге бағытталған. Жаңа платформа ТХКБ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмыс істейтін болады. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы жеткізу мерзімін 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаға Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қытай сияқты негізгі елдер мен компаниялар белсенді қатысуда. Бұл ТХКБ-ның жаһандық сауда үшін маңыздылығын айқындайды.
Өткізу қабілетін арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 20:33 34571
S&P Қазақстан банк секторындағы тәуекелдердің азаюын атап өтті
Достарға айту
2024 жылғы 12 желтоқсанда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының BICRA (Банк секторының салалық және елдік тәуекелдерін бағалау) рейтингіндегі позициясының 8-топтан 7-топқа жақсарғанын мәлімдеді. Бұл көрсеткіш елдің банк саласындағы тәуекелдердің төмендеуін көрсетеді, сондай-ақ реттеушінің қаржы секторын қадағалауды күшейту жөніндегі күш-жігерін айғақтайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.
S&P есебіне сәйкес, Қазақстан банк секторының макроэкономикалық сын-тегеуріндер мен геосаяси тәуекелдерге орнықтылығын көрсетті. Агенттік қазақстандық банктердің активтерінің сапасы мен қаржылық көрсеткіштері күткеннен асып түскенін атап өтеді.
Рейтингті қайта қараудағы маңызды фактор Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - ҚНРДА) қадағалау қызметін нығайту болды. Негізгі жетістіктердің қатарында активтердің сапасын тұрақты бағалау (AQR), SREP қадағалау моделіне көшу, банктердегі тәуекелдерді шектеу және тұтынушылық кредиттеудің өсу қарқынын бақылау шаралары атап өтілді.
S&P ҚНРДА қабылдаған шаралар банк жүйесіндегі дағдарыстарды болдырмауға және нарықтық өзгерістер аясында тұрақты операциялық қызметті қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті. S&P пікірінше, бұл шаралар елдің қаржылық орнықтылығын жақсартуға ықпал етті, осы ретте жүйедегі проблемалық кредиттер деңгейі 2020 жылғы 18%-дан 2024 жылы 7-7,5%-ға дейін төмендеді.
BICRA рейтингін жақсарту 7 қаржы мекемесінің рейтингін көтеруге мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалау тетіктерін нығайту және елдің қаржы секторының тұрақты өсуі үшін жағдайларды жақсарту бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 19:29 35101
Энергетика министрі Қытайдан келген серіктестермен атом энергетикасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Достарға айту
2024 жылғы 10-13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі А.Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бейжіңде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Х.Ванмен және ҚХР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ц.Люмен кездесті.
Тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл ретте Қытай тарапы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге жоғары деңгейде дайын екенін білдірді.
Сондай-ақ А.Сәтқалиев қысқа тізімге енгізілген ядролық технологияның әлеуетті жеткізушісі Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізді.
Делегация сонымен қатар НПР-1000 реакторы бар салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясын, "Shanghai Electric" атомдық энергия корпорациясының өндірістік базалары мен Қытайдың орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралады.
Уран конверсиялау және байыту зауытына бару Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің Жолдауына сәйкес уранды конверсиялауды және байытуды қоса алғанда, құнды кластерлерді құру қажеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстардың жалғасы ретінде болды.
Еске салсақ, 2024 жылдың 6 қазанында республикалық референдум өтіп, онда азаматтардың көпшілігі атом электр станциясын салу идеясын қолдаған болатын. Бұл шешім еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2024, 17:28 41921
Қазақстан мен Иордания арасындағы экономикалық ынтымақтастық артады
Достарға айту
Амман қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Иордания Хашимит Корольдігінің Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі Яруб Әл-Кудтың бірлескен төрағалығымен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Екі елдің делегация өкілдері сауда және инвестиция, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Иорданиямен тауар айналымы 4,2 есеге өсіп, $6 млн-ды құрады. Сонымен бірге бірлескен комиссияның төрағалары тауар айналымын одан әрі өсіру үшін қолда бар әлеуетті атап өтті.
Экспорттық тауар тізілімін кеңейту мақсатында Қазақстан бидай мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін қосқанда, 15 тауар позициясы бойынша Иордания нарығына шикізаттық емес тауарларды жеткізуді арттыруға дайын.
Бұл ретте Қазақстан Иорданиялық компаниялардың еліміздің аумағында ет, астық, бұршақ және басқа да өнімдер өндіретін кәсіпорындарды құруға қатысуға мүдделі.
Иордания тарапы қазақстандық астықты баламалы көлік жолдары, оның ішінде Каспий теңізі арқылы импорттауға жоғары қызығушылық танытты. Қазақстан өз тарапынан тауарларды Иордания нарығына және MENA мемлекеттері (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері) нарықтарына экспорттау үшін Акаба портының әлеуетін пайдалануға мүдделі.
Туризмді дамытуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Иордания әуе компанияларының Қазақстанға тікелей рейстерді ашу үшін "ашық аспан" режимін қолдану мәселесін талқылау маңызды қадам болды.
Тараптар уранды қосқанда, геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын атап өтті. Иорданияның мемлекеттік уран компаниясымен (JUMCO) "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының Корольдіктің уран жобаларына қатысуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Қатысушылар екі елдің іскер топтарының, оның ішінде екіжақты сауда-экономикалық миссияларды ұйымдастыру арқылы тікелей өзара әрекеттесуінің қажеттігін атап өтті. Осы мақсаттарда қазақстан-иордания Іскерлік кеңесінің жұмысы жанданатын болады, оның отырысын келесі жылы Астанада өткізу ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.12.2024, 11:15Монополистер жылумен және электрмен жабдықтау саласындағы міндеттемелері орындалмаған үшін қазақстандықтарға 5,4 млрд теңге қайтарады 18.12.2024, 13:20 4341Қазақстанда заңдылықты өрескел бұзғаны үшін екі судья жазаланды18.12.2024, 13:28 3946Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын аяқтады18.12.2024, 13:36 3716Қазақстан Үкіметі, Ұлттық Банк және Стати тараптары дауды реттеуді аяқтады18.12.2024, 17:50 3246Алматыда жедел медициналық жәрдем автопаркі 40 пайызға жаңартылды
12.12.2024, 17:30 108936Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 108836Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды13.12.2024, 19:00 100146Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 99986Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады13.12.2024, 14:41 99911Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жасады
22.11.2024, 14:04 138121Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 137896Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 112456Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді12.12.2024, 17:30 108936Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 108836Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды