01.09.2021, 17:10 5927

Тоқаев Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды

"Жалпы, елімізге мемлекет қаржысын, атап айтқанда, мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын және Ұлттық қорды басқарудың ережелер жинағы қажет".
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы барысында Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2021 жылдың соңына дейін Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан мемлекеттік қарызы аздығының және едәуір қоры болғанының арқасында індет салдарын біршама тиімді еңсеруде", - деп мәлімдеді Президент.

 
Алайда, Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы кезде бюджеттің шығыс бөлігіндегі міндеттемелерді орындау үшін бюджет тапшылығы ұлғайып, Ұлттық қордан алынатын трансферттер көбеюде. 
 

Үнемі осылай "ауырдың үстімен, жеңілдің астымен" жүре алмаймыз. Біздегі қаржылық орнықтылықтың қоры соншалықты шексіз емес. Бюджеттің кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екені сөзсіз. Бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау керек", - деді Тоқаев.

 
Ол Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджет ережесін енгізуді тездеткен жөн екенін атап өтті.
 

Бұған қажетті заңнамалық өзгерістер осы жылдың соңына дейін қабылдануға тиіс. Жалпы, елімізге мемлекет қаржысын, атап айтқанда, мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын және Ұлттық қорды басқарудың ережелер жинағы қажет", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

 
Ол Үкімет пен Ұлттық банктен жыл соңына дейін Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны