13.03.2023, 20:40 24306

Цифрлық теңге платформасын енгізу 2023 жылы жоспарлануда

Цифрлық теңге платформасын енгізу 2023 жылы жоспарлануда
Цифрлық активтер мен орталықтандырылмаған қаржы индустриясында цифрлық теңге платформасында қолданысқа енгізу және интернет болмаған жағдайда да есеп айырысу функционалдығын жасау бойынша да жұмыстар әлі жүріп жатыр

Астана. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Биыл қаржы нарығының қатысушыларымен бірге нақты тұтынушылармен және сауда-сервистік кәсіпорындармен Цифрлық теңге өндірістік платформасының бірінші кезеңін енгізу жоспарланып отыр. Ұлттық банкте өткен жиында ұлттық төлем жүйесі мен цифрлық қаржылық инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Ұлттық цифрлық валютаның енгізілуі азаматтар мен мемлекеттік органдар үшін әлеуметтік төлемдердің рәсімін жеңілдетеді, сондай-ақ, смарт-келісімшарт технологиясы негізінде инновациялық сервис құру мүмкіндігіне жол ашады. Цифрлық активтер мен орталықтандырылмаған қаржы индустриясында цифрлық теңге платформасында қолданысқа енгізу және интернет болмаған жағдайда да есеп айырысу функционалдығын жасау бойынша да жұмыстар әлі жүріп жатыр", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.


Сонымен қатар, ашық бағдарламалау интерфейсі (Open API) стандарттарын енгізу және ашық банкинг платформасы (Open Banking) бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарда бар. Ашық банкингті енгізу қаржы қызметі нарығындағы бәсекелестікті дамытады, экожүйелер арасындағы жүйеаралық өзара іс-қимылды оңтайландырады және инновациялардың дамуына нұқсан келтірмей, жеке деректер мен тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етеді. 2022 жылы ҚҰБ іске қосқан Лездік төлем жүйесі мен Банкаралық төлем карталары жүйесінің ауқымы кеңейтіледі. Төлем жүйелерін одан әрі дамыту Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің тұрақтылығы мен үздіксіз болуын қамтамасыз етеді, іскерлік айналым қатысушылардың шығынын азайтады және тұтынушы үшін қолайлылықты арттырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны