05.12.2022, 15:04 12841

Зейнетақы салымшылары өз активтерін басқаруда көбірек құқықтарға ие болады

Зейнетақы салымшылары өз активтерін басқаруда көбірек құқықтарға ие болады
Сурет: Depositphotos
Зейнетақыны өз жинақтары есебінен қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін қосымша жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы енгізіледі

Астана. 5 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Әлеуметтік кодекске салымшылардың өз активтерін басқарудағы құқықтарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізілуде, деп хабарлады бүгін мәжілісмендерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет сағаты аясында.

Оның айтуынша, белгіленген жеткіліктілік шектен зейнетақы жинақтарын азаматтар тек емделуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсайтын болады. Салымшылар қалған немесе барлық жинақталған соманың 50%-дан аспайтын зейнетақы жинақтарының бөлігін активтерді басқару жөніндегі компанияға беруге және ол компанияны өздері таңдауға құқылы болады.

Зейнетақыны өз жинақтары есебінен қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін қосымша жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы енгізіледі. Бұл жарна қолданыстағы заңда көзделген шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін база қалыптастырады. Осылайша бұл топтағы азаматтар зейнеткерлік жасына жеткенде қазіргі зейнеткерлер секілді зейнетақының 3 түрін алатын болады: мемлекет есебінен - базалық зейнетақы; жұмыс берушілер есебінен - шартты-жинақтаушы зейнетақы; өз жинақтары есебінен - жинақтаушы зейнетақы", - деді министр.


Бұл ретте зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тек Ұлттық банк басқаратын жинақ бөлігіне ғана берілетінін атап өту қажет.

Ал жеке басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сақталуына және оның табыстылығына салымшы таңдаған компания жауапты болады. Сондықтан әрбір салымшы басқару жөніндегі жеке компанияны таңдаған кезде ықтимал тәуекелдерді ескеруі қажет", - деп қосты министр.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны