17.03.2022, 17:25 14336

Жыл басынан бері ҚР банктерінің меншікті капиталы 3,2%-ға өсті

Банктердің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті 23,3%-ды құрайды және заңнамамен белгіленген нормативтерден екі еседен астам артады.
Жыл басынан бері ҚР банктерінің меншікті капиталы 3,2%-ға өсті
НҰР-СҰЛТАН. 17 НАУРЫЗ - 2022 жылдың басынан бері банктердің меншікті капиталы 3,2%-ға өсті және 4,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Банктердің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті 23,3%-ды құрайды және заңнамамен белгіленген нормативтерден екі еседен астам артады", - деп хабарлады ҚНРДА.

 
Ведомствода Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріндегі ахуал тұрақты екенін атап өтті. Екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы аптадағы жағдай бойынша шамамен 16,7 трлн теңгені немесе жалпы активтердің 43%-ын құрайтын өтімді активтерінің айтарлықтай қоры бар. Бос өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне уақтылы және толық көлемде қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді. Банктердің өтімділігі бойынша пруденциялық нормативтер реттеушінің ең төмен талаптарынан төрт еседен аса көп.
 
2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан банктерінің клиенттері депозиттерінің 3,5%-ға өсуі байқалады. Бұл ретте жеке тұлғалардың салымдарының үлесі 51,4%-ды немесе 13,9 трлн теңгені, заңды тұлғалардың салымдары 48,6%-ды немесе 13,1 трлн теңгені құрайды.
 
Заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет тарапынан кепілдік берілген. 2022 жылғы қаңтарда халықтың депозиттеріне кепілдік берудің шекті сомалары "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ кепілдігімен 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.
 

Агенттік және Қазақстанның Ұлттық банкі банктердің қаржылық жағдайына, олардың капиталының жеткіліктілігі мен өтімділігіне, банктердің клиенттері алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады", - деп сендірді ведомствода.

 
Қазақстанда "Сбербанк" карталарының жұмысы ішінара шектеледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны