11.08.2022, 17:55 19696

Жыл басынан бері ҚР бюджетіне интернет арқылы қызмет көрсету үшін 3 миллиард теңгеден астам салық түсті

Жыл басынан бері ҚР бюджетіне интернет арқылы қызмет көрсету үшін 3 миллиард теңгеден астам салық түсті
НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Цифрық активтер басқармасының басшысы Нұржан Қуандықов "Google салығы" бойынша бюджетке түскен қаражат туралы айтты.
 

Қазіргі кезде еліміздің азаматтарына тауар өткізіп, қызмет көрсетіп жатқан 30-дан астам компания тіркелді. Аталған салық нормасы бойынша бірінші тоқсанда 2,6 млрд теңге төленді. Ал биылдың 8 айында бюджетке 3 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Екінші тоқсан бойынша салық төлейтіндер 25 тамызға дейін рәсімдерді жүргізе алады. Бұл салықты тек шетел компаниялары төлейді. Ал Қазақстан азаматтары осы салықты төлемейді", - деді Н. Қуандықов онлайн брифинг барысында.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің Қазақстан аумағында орналасқан жеке тұлғаларға сатылған тауарлары, көрсетілген қызметтері үшін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелері туралы нормалары күшіне енді (Google салығы).
 
Ұлттық экономика министрлігінен мәлім еткендей, қызметтері мен тауарларын онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне ҚҚС төлеуге міндетті болады.
 
Айта кетейік, ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12% құрайды. Мұның қазақстандық салық төлеушілерге қатысы жоқ.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны