04.04.2023, 10:32 50781

Жылдық 2,5%-бен шағын несиелер Қазақстанның шаруаларына қолжетімді болады

Микронесиенің ең жоғары сомасы 8,6 млн теңгені құрайды, бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін - 27,6 млн теңге
Астана. 4 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі "Ауыл аманаты" жобасының іске асырылу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
АШМ басшысы айтып өткендей, жоба шеңберінде сенім білдірілген өкіл арқылы 5 жылға дейінгі, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 2,5%-бен микронесиелер берілетін болады. Микронесиенің ең жоғары сомасы 8,6 млн теңгені құрайды, бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін - 27,6 млн теңге.
 
Оның айтуынша, жобаны іске асыруға биыл 17 мың микронесие беру жоспарымен 100 млрд теңге көзделген, бұл 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
 
Сондай-ақ Қарашөкеев отбасылық шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету мақсатында өз мүшелеріне өзіндік құны бойынша қызмет көрсететін және оларға азықты нарықтық бағадан төмен бағамен сататын сервистік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып жатқанын айтты. Жалпы 7 жыл ішінде жобаға 1 трлн теңгеге дейін бөлу жоспарлануда, ол 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамып, 350 мыңға жуық жұмыс орнын құрады.
 
Еске салайық, VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ауыл аманаты" жобасының іске қосылуы туралы айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны